Адамның физикалық қалпын бейнелейтін фразеологизмдердің мағы

Адамның биологиялық,физикалық әрекеттері үнемі қайталанып отыратындықтан ,қалыпты жағдайда айналасында қабылданып,стериотип тұрғыда өтіп жатады.Қазақ фразеологизмдерінің мағыналас топтары адамның мұндай физикалық қалпын бейнелеуде ақырын(баяу) жүру,шөлдеу,терлеу,жүгіру,қозғалу,ұйықтау,ұйықтамау,шаршау,тынығу,тоңу,аурудан қиналу,өлім сияқты лексикалық тақырыптарды қамтиды.Бұл қасиеттер ешбір эмоцияға бағынбайды,бәрі тек табиғи қалыпта қайталанатын,әр тұрақты болатын құбылыстар.Осылардың бойынан мағыналас қатарлас арасынан көзге қомақтылау көрінген,сандық тұрғыдан тілге тиек етуге әбден сұранып тұрған «өлім» тақырыбына қатысты жасалған эвфемистік,кей ретте дисфемистік тұрғыда жасалған фразеологизмдер түрлері(көзін жою,көр құшу,өңменін үзу т.б.)Қазақ тіліндегі өлім-жітімге қатысты жасалған тұрақты тіркестер тобыныңмағыналас қатарларындағы деривациялық жіктеулер шамамен бес ситуацияға бөлінді.1-ситуация уақыты:өлім аузында,хал үстінде,өлім алдында,әлсіз жату,көр аузында;2-ситуация мерзімі:ажал жету,өлім келу,қаза кезегі келу,ажал күні болу,ажал нәубеті жету,ажал қармағын салу;3-ситуация көрінісі:о дүниелік болу,көзі жұмылу,дүние салу,шырағы сөну,көз жазып қалу,жұлдызы сөну,келмеске кету,қаза болу,жүріп кету ,күні біту,қара жер алу;4-ситуация жағдайы:қыршыннан қиылу,көктей орылу,жастай кету,шейіт кету;5-ситуациядағы мағыналастардың ішкі жасалу формасының себептерге тәуелділігінен туып отыр.Қазақтың «өлім бар жерде»дегеннен кейінгі екінші компоненттегі «қаза» лексемасының семантикасы,осы соңғы ситуациядан аңғарылады.Кей тіркестер дисфемизммен де айтылған.