Сезім жағдайы немесе жоғары эмоциялы фразеологизмдердің мағы

Мағыналас қатарлардың доминантын тірек мағына ретінде жеке сөздермен бейнелесек онда,эмоцияның күрделі түрлеріндегі көңілдену,шошу,қорқу,ренжу,қайғыру,қамығу,қуану,басы қату,жылау,күлу,ашулану сияқты түрлері жатады.Фразеологизмдер-эмоционалды-экспрессивтік тіркестермен адамның бүкіл психологиялық сәттерін,көңіл күйін,сезім жағдайын ерекше образдылықпен жеткізуде таптырмайтын тілдік көркемдік құрал.Қазақ фразеологиясындағы синоним фразеологизмдердің ерекшелігі адамның көңіл күйіне,бір сәттік психологиялық жағдайына байланысты туған фразеологизмдерде синонимдік қатар өте көп.Айтып отырған психологиялық сәт,жағдай дегеніміз тікелей эмоцияға қатысты нәрсе.Адамның психикасында,санасында,жан дүниесінде елестер ұдайы жаңғырып,өз ізін қалдырып отырады.Күшті эмоциялық сезімді сыртқа шығаруға үлкен шабытпен айтылатын серпер сөз керек.Ол әр адамның айналасындағы болып жатқан құбылыс,іс-әрекеттерді қабылдау өрісіне қарай түрліше айтылып,жеткізілелі.Біреуі жай ғана әсермен қалса,енді бірі делебесі қозып,жігерленіп кетеді.Міне,мұның бәрі тілдік қатынаста эмоциялық экспрессиямен астасқан тұрақты тіркестер тобынан көрініс табады.Мәселен ренжу,ашулану екеуіде екі түрлі сатыдағы психологиялық жағдай.Ренжу алғашқы сатысы десек,ашулану оның жоғарғы басқышы іспеттес.Мұнда ,сөз жоқ жоғары эмоциядан тұратын «ашулану» ұғымына байланысты синоним фразеологизмдердің қатары тым мол болатыны даусыз.Түсін бұзу,көзі шатынау,көзінен от шашу,көзін алайту,көзіне қан толу,қаһарға міну және т.б.Ашулануға байланысты туған синоним фраз-дің біразы суреттеу,сипаттауға арналса,қалған топтары қимыл-әрекетке негізделеді.