Сезім әрекеттеріне қатысты жасаған фразеологизмдердің тақыры
Әдетте сезім әрекеті іштей де болсын динамикалық сипатта болады.Мұнда да жағымды,жағымсыз ішкі сезімдер әрекеті бар.Сезім әрекеті жағымды.Сүйеніш ету,арқа сүйеу,көңілге тоқ санау,дәтке қуат,мият тұту,жақын тұту,оң көзі.Әрекет иесі өзінің ойында мұндай сезім күйін әркезұзаққа сезініп жүреді.Осыған ұқсас жасалған басқа да тақырыптық,мағыналық түрлері біршама.Олар:еркелету-алақанға салу,бетінен қақпау т.б.;таңдану,мойындау,тәуекел сияқты адам үшін жағымды сезім әрекеттерін бағалауыштық жағымды сипатта суреттелтін мағыналас тіркестер қатары бар.Сезім әрекеті жағымсыз жағдайда адамға ұнамсыз қасиеттің түрлері мағыналас қатар құрамын былайша толықтырады:жек көру- ит етінен жек көру,жаны қас;күдік-бір нәрсеге күдіктену,ұнатпау,ештеңе ойламау,көңілі қайту,мазасыздану,шарасыздық,қарғыс,ұят.Осы ұят,ұялуға қатысты жасалған фразеологизмдер парадигмаға өте бай.Есім мен етістікті грамматикалық ұғыммен қоса,мағына түсінігіндегі ортақ эмоция басқа да семантикалық дифференциялардың ситуацияға қарай ыңғайлануы қатар құрамын көбейтуге ықпал болады.Бетінен оты шығу,бетін аймандай қылу,бетіне күйе жағылу,бетін адам көргісіз ету,беті шыдамау,бетінің арын бес төгу,бет моншағы салбырау.Қазақ ұлты ұятты өлімнен де бетер, «өлімнен ұят күшті» деп, «жанын да арының садағасы» еткен.Осыған байл. Мағыналас фраз-дер қатарында «өлім,жер»сөздері де тірек мағына ретінде айтылады.Мысалы:өлген жері осы ,өлген артық,өлім болды,тірідей өлу,тірідей масқара болу,жерге кіріп кете жаздау,жерге қарау,жер шұқу,жердің үстімен келіп астымен кету,кірерге жер/тесік таппау.Ал, мына тіркестер түрлі образдылық пен метафоралы қолданыс ыңғайында қалыптасқан:қысқа күнде қырық өлу,пышақсыз бауыздау,орнынан тұрғысыз ету,иттей қылу,аяқ асты ету,сүйекке таңба салу.