Адамның жағымды,жағымсыз қимыл әрекеттеріне негізделген мағы

Жағымсыз әрекеттерді бейнелейтін қатар тізбектері сан алуан.Біз олардың аттарын атаумен доминантын көрсетіп және құрамының сандық сипатын белгілей кетеміз.Мысалы:жастығын ала жату,қаруын қайтару,есесін жібермеу,кегін қайтару- өш алу мағынасында,әрі қарай ұзын саны елу,алпысқа дейін баратын жағымсыз қимыл әрекеттерін бейнелейтін фразеологизмдер бар.Адам өзінің өмірлік қажеттерін өтеу үшін ұдайы әрекет жолында ,әрекет иесі ретінде өз ортасына танылады,қалыптасады.Басынан түрлі қиын кез өтеді ,қиындық та көреді.Бұл адамның жағымсыз қимыл әрекеттеріне негіз болады.Қазақ тілінде мағыналас фразеологизмдер қатары,мәселен,қиын кезді мынадай тұрақты тіркестермен бейнелейді.Ат басына күн туу,ер етігімен су кешу,толарсақтан су кешу(Махамбет),қилы-қилы заман болды,қарғай басын шортан шалды(Асан қайғы),тар жол тайғақ кешу;қиын-қыстау кезең,тар заман,сын сағат,жау жағадан алу,Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама.Адам іс-әрекеттерінің жағымды түрлері сан жағынан жағымсыз түрлерімен шамалас.Олар:олжа(олжалы болу),түгелдену(бас-аяғы жиналу),ақылдасу,әселену(делебесі қозу),анықтау(бір нәрсені),анық,ат қою(есім таңдау),дегеніне жету,құпия(айтпау),әшкерелеу,ретін табу,тыныш отыру,күн көріс,кеш қалу(бір нәрседен құр қалу),күту,алаңдау,тоқтау басылу(бір нәрсенің басылуы)дем беру,қайрап салу,жиі келу,жолы болу,құрметтеу,сыйлау,қызмет қылу,ештеңе алмау,қамқор болу сияқты сөздер мен тұрақты тіркестер тобы мағыналас фразеологизмдерге доминант,яғни тірек сөз болады.Тіршілікте бір-біріне қамқор болу,жанашыр болу әдетте,адамдар арасында ежелден келе жатқан ең жоғары моральдық қасиет.Қазақ ұлтының ментальдылығына мұндай жағымды қимыл әрекеттері о баста-ақ,қанында бар,сүйегімен туа біткен.Қарапайым қонақжайлылығы арқылы жатын жақынындай сыйлап үйренген,қала берді қарға тамырлы қазақтылығына бастынтуысқаншылдығы қамқор ұғымының бар қазақ ұлтына бірдей түсінікпен қабылданатынын дәлелдеу керек.Бас көз болу,көз қырын салу,жоғын жоқтау,сойылын соғу,мұңын мұңдау,қанаттыға қақтырып,тұмсықтыға шоқтырмау,сөзін сөйлеу,қамқа болу,ыстығына күйіп,суығына тоңу,шаң жуытпау,қолтығынан дему,қызғыштай қору,сая болу,іші бұру,ішке тарту.Аталған тіркестерде қамқор болу ұғымына қарайлас жанашыр,мейірбандық көрсету сияқты семантикалық реңктегі мағыналастар да біріктірілген және жақтасу ұғымындағы сөзін сөйлеу,сойылын соғу,мұңын мұздау,жырын жырлау бастапқы қамқор болу доминантының қатарына ендірілді.Мұндағы ой өзара пікірлес,жақтас адамдар әрекеті жалпы қамқорлық негізінен туындайтын қасиет дегенге саяды.