Синонимдік қатардың коммуникативтік единица ретінде функцион
Етістікті фразеолгизмдер мағыналық жағынан бір-біріне өте жуық. Сондықтан бір-бірін ауыстыруға қабілетті: тізе көрсету + басына әңгір таяқ ойнату: қарау ұғымын білдіретін көз қиығын салды+көзімен ішіп-жеу+ала көзімен қарау мағыналас етістікті фразеологизмдер кез келген жағдайда бірінің орнына бірі жұмсалмайды, олар бір ұғымға сәйкес мағынаны білдіре келіп, экспрессивтік бояма реңкі мен стильдік қолданысы жағынан ажыратылады. Яғни, экспрессивті-стилистикалық синоним етістікті фразеологизмдер. Фразеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен бірі сатылап өсіп, кшейе түсіп отырады. Мәселен, көз /кірпік/ ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді, көрер таңды көзімен атырды дегенде әрбір фразеологиялық синонимнің алдыңғысынан соңғылары қарқындай береді. Мәселен, біреудің бір нәрсеге қалай құмартқандығын айтқымыз келсе: айызы қанды, көзін жұмып, аузын ашып қапты дейміз. Ал біреудің қалай қорыққандығын айтқанда: жүрегі /зәресі, үрейі/ ұшты, құты қашты, иманы кетті, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болды, иманы қалмады, жүрегі тас төбесінен шықты, зәресі зәр түбіне кетті дегендер қолданылады. Мұның барлығы етістік фразеологиялық синонимдердің соншалықты байлығын көрсетеді. Жоғарыда келтірілген мысалдар тілдің соншалықты орамдылығы мен икемділігін көрсетеді.“Қазақ тілі лексикалық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық синонимдерге де сонша бай” 13. 114. Жинақталған материал етістікті фразеологизмнің арасында мағыналастықтың кең өріс алғанын көрсетеді. Етістікті фразеологизмдер жеке етістікпен мағыналас болады: араздасу ат кекілін кесісуқырғи қабақ болу; өзара мағыналас болады: қаны қайнаутерісіне сыймауқаны басына тебуит жыны ұстау.Мағыналас етістікті фразеологизмдер ұғымды әр қырынан, мағыналық реңктерінен қамти көрсетіп яғни “фразеологизмдер бір-біріне синоним ретінде олардың ұғымындағы жалпы түсінігі бірдей болғанымен, тілдік көріністе әркелкі көрінеді” Мағыналас етістікті фразеологизмнің құрамы біртектес және әртектес болады. Біртектес мағыналас етістікті фразеологизмде компоненттің грамматикалық көрсеткіші: қолтығынан дым бүрку шабына ет тастау, шашбауын көтеружыртысын жыртусойылын соғу. Құрамы әртектес мағыналас етістікті фразеологиялық компоненттері грамматикалық көрсеткіші жағынан әр түрлі болады: дүниеден өтуо дүниелік болуқайтпас сапарға аттану.