Қатар құрамындағы фраз-дің мағына тепе-теңдігі және квазисин

Мағыналас фразеологизм қатарындағы тіркестерде синонимділікке қойылатын талаптар бойынша,мағына тепе-теңдігінен бұрын мағына жақындығының болуы басты шарт.Дегенмен,лексикалық ,фразелогиялық синонимдер құрамында кейде мағынасы тепе-тең ,обсолют сөздер мен сөз тіркестерінің де анағұрлым жиі ұшырасатынын тілдік фактілер жоққа шығармайды.Мысалы,тез,жылдам,лезде,шапшаң,жедел,шұғыл,сәтте,заматта,демде,дереу сөздерінің мағыналары тепе-тең қалыпта қабылданады.Бұл сөздердің барлығы уақыт деген өте жалпы ,кең ұғымның ең қысқа секундтық сәтін бейнелейтін синонимдер.Ал олардың фразеологиялық мағынасы аталған бір сәттік кезеңнің өту процесін секундтық болса да есте қаларлықтай етіп сипаттайды.Қолға ұстап тұра алматын ,бір сәт кідірте алмайтын уақытты суретті сөз ғана ұстап қалады екен.Көзді ашып жұмғанша;қас пен көздің арасында;қабақ қаққанша;демнің көз ілеспей,ауыз жиғанша;әне-міне дегенше.Мысалы:әп сәтте,іле шала,жұлып алғандай,ойда жоқта,күтпеген жерден,салып ұрып,аяқ астынан ;сондай-ақ көмекші етістікті:лып еткізу,сап ету,сол-ақ екен тіркестері де осы мағыналас қатарда.Фразеологиялық материалдың ішінде мағыналас фразеологизмдердің үлес салмағы квазисинонимдерге байланысты.Мағыналас фразеолгизмдерді жалпы ұғым мен түсінік ыңғайындағы семантикалық белгімен топтастырылған фразео-семантикалық топ деу орынды.Контекст ыңғайында тіркестер тобын әр кез бірінің орнына бірін алмастырып қолдана беру мүмкіндігі болмаған жағдайда квазисинонимдер қатары көбейе бередіМысалы,пара беру :бармақ басты,көз қысты,жең ұшынан жалғасу,жуырда жаба тоқу ,құлқына тығу,аузын алу,мұртын майлау;аз:қасқалдақтың қанындай,ат төбеліндей,жоқтың қасы,саусақпен санарлық.Аталған тіркестер қатары көбінесе бір мағына жақындығымен топтастырылған.Доминант сөз бен сөз тіркесінің өзі жалпы ұғымнан ғана алынған.Мұндағы бір ерекшелік –қатар құрамының лексико-грамматикалық ала-құлалығы.