Қатар құрауға тіркестердегі мәдени коннотациялардың ықпалы
Қазақ тіліндегі мағыналас фразеологизмдер қатарын құрауға мәдени-ұлттық коннотациялы тіокестер жиі кездесетіні түсінікті. Себебі фраз-дің жасалуы ж/е пайда болуында күнделікті өмірдің, айнала, қоршаған заттар мен құбылыстардың ұлт тіршілігіне сай образды қабылданудың ықпалы бар. Қазақ ғұмырында өлім-жітім, той-томалақта, басқа қуаныштарда жиналған жұртқа қымбат маталардан жыртыс үлестіреді. Мұның бас аяғында кез келген адамдар жүрмейді, сол отбасының жақындары, туыс туғандары атқарысады. Сол себепті де жыртыс бөліп, оны жыртып, дайындауды бөтеннің араласпауы, яғни өз адамының болуынана-қамқоршысы деген ұғым туған. Қазақ ел-жұртының мәдени өмірінде еске алып, үлгі тұтарлық, ұлттық этиканың бір түрі-жолы үлкен адамдарды сыйлау, құрметтеу. Бұл ұғымдағы мағыналас: көпті көрген, көне құлақ, жолы үлкен, көне көз сияқты тіркестер. Мұндағы жолы үлкеннің екі түрлі мағынасы бар: бірі-жасы үлкендігі болса, екіншісі-әртүрлі туыстық қатынастардан туатын орны. Тыңдаушысы құлақ құрышын қандыратын мағыналас тіркестерді образдылыққа қоса, астарлы ой жасырған мәдени коннотациялардың орны ерекше. Мысалы: «бет моншақ-сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілген моншақ. Оны сәукеленеің бет моншағы деп атайды. Бет моншақ белге дейін тіпті одан да төқмен түсіп тұрған...қалыңдықтың бет моншағы үзіліп қалмау үшін, кеуде тұстан...екі кішкене қалта тігіп қояды. Қазақта жас келіннің бет моншағының үзіліп түсуі үлкен ұят саналған» деп, бұл тіркестің түсінігін Р.Шойбеков анықтаған.