Cүйемел сөздер

Бүкіл фраз-лық материалдардың сем-лық парадигмаларға жіктелуі мәселен, вариантты, синонимдес, антоним тұлғалар, сондай-ақ олардың көп мағыналылығы мен жеке нақты мағынасы ж/е жалпы семантикалық тақырыптық қатарларға бөлінуі фраз-дерді толық зерттеп, танып білуде жеткіліксіз. Тілдік жүйедегі екінші аспекті синтагматикада фраз-дің, ең алдымен, өзі тіркесе алатын сөздермен грам.байл.арқылы ғана фразеологиялық материалдардың фукнц-дық қызметінің шегі белгіленеді. Семантикалық синтагмалар аясында фраз-дер компоненттерінің қосынды мағыналары соңынан тұратын, әрі сол мағынаның толық жұмсалуына себеп болатын бір сөз тұруы шарт. Ол сөздерді қазақ тіл білімінде сүйемемел сөздер дейміз. Сүйемел сөздер фраз-дердің компоненттер қатарына кірмейді. Олар еркін қолданыста жүрген бір сөздер тобы. Мысалы: жел аяқ, жел жетпейтін, алдына қара салмайтын тіркестерінің сөйлем ішінде нақты жұмсалуына, мағынасын айқындай түсуге жүйрік сөзі сүйемел сөз ретінде тұрады. Н/е бір нәрсеге, кейде кісіге көз алмау, жеп жібере жаздау, оқты көзімен ату- фраз-деріне де қарау етістігі сүйемел сөз ретінде тіркеседі.
Сонымен қатар, сүйемел сөздерді қажет етпейтін фраз-дердің құрамында сөз компоненттерінңі бірінде мағына сақталады. М-ы: еңірегенде етегі толды, ботадай боздады, көз жасы көл болды,көзінен сорасы ақты-тіркестерінде-еңіреу, боздау сияқты етістіктердің ж/е көз,сора сияқты зат есімдердің жылау ұғымында тілдік, мағыналық қатыста тұрғанымен анықталады.