Синонимдік қатарлар құрамындағы фразеологизмдердің эмоционал
Қатар құрамында түрлі мағыналық реңк фраз-дің жасалуына негіз болған образдарға, ішкі формасына байл.екені бұған дейін айтылды. Мағ.фраз.бір-бірінене мағ.реңк, эмоция мен экспрессияға негізделген стильдік бояу ж/е осыған қарай, олардың қолданылу өрісі де қатар құрамында ерекшеленіп тұрады. Бір синонимдік қатарда бізге белгілі бірнеше стильдегі тіркестер кездесе береді. Қаз.тіл-гі фраз-дің көтеріңкі мәндегі, дөрекілік,кексін,мысқыл мәнде т.б.стильдік реңктерді таңбалайтын экспрессивтік тұлғаларда денотативті әрі коннотативті сөз семантикасы сақталады. Олар затты, құбылысты екінші номинация ретінде атайды ж/е бағалайды. М-ы, көңілін қимау-мұнда аяушылық, сыйлау, құрметтеу сезімі бар.
Мағ.фраз.қатарында, әсіресе, коннотативті компоненттер түгелге дерлік бағалағыштық, сипаттағыш қасиетіне ие болып, эмоционалды жағы тым жоғары болады. Мұндай қатарларда адмға қатысты қасиеттер: жақтырмау, ұнатпау, менсінбеу сияқты ішкі сезімді бейнелейтін тіркестер бар. М-ы: адмаға санамау-адам қатарына қоспау-кісі құрлы көрмеу-көзіне ілмеу. Жалпы экспрессивті сөздердің семантикасын сөздіктерде түгелдей ашып көрсету қиын. Шын мәнінде адамдардың көңіл күйі, эмоциясы, сезімдік қатынастарын ж/е сөзбен өлшеп, пішу мүмкін емес. Ұғымдық қатыста ғана шоғырланатынтіркестер қатарында мағыналас фраз-дің мағыналық, стильдік реңктерінен толық байқалады. Семіздік, мақтаншақ-жағымсыз көзқарастан туатын бағалау. Тіліміздегі үрген қарындай, басы табақтай, қарны қабақтай, май басу, бес биенің сабасындай, жардай болып семіру сияқты тіркестер ұнатпау реңкінде түгелге дерлік дөрекі стильге жатады. Ал мақтаншақ ұғымындағы: ауызбен айды алу, ауызбен орақ ору, көбік өкпе, қызыл сөзден бал жағу сияқты тіркестерді де ұнатпау, жақтырмау реңктеріне қарай, сөйлеу, қарапайым, дөрекі, кітаби стильдер араласып келген.
Фразеологизмдерде сондай-ақ олардың мағыналас қатарында кейде бастан аяқ стильдік реңктен тыс тұратын тіркестер ұшырасады.
Сүйеніш ұғымында: Көңілге тоқ санау, дәтке қуат, оң көзі, медеу(т) көру (ету), арқа тұту;
Жәрдем: қол ұшын беру, атсалысу, қанатымен су себу, себін тигізу.