Синонимдік қатарлар құрамындағы ішкі формасына қарай мағынал
«Мағыналық реңк» тілдік термин ретінде көбінесес синоним сөздер маңында жиі қолданылады. Әсіресе, синоним фраз-дер қатарындағы мағыналық реңкті талдау оның ішкі формасын ж/е адманың сана, болмысындағы танымдық ерекшеліктерді де танытады. Сонымен қатар, жалпы ұғымды білдіретін квазисинонимдер қатары да айқындалады.
Қазақтың еж.мәдени өмірінің ажырамас бөлігі шешендік өнерді бағалаудағы ұлт ерекшелігінің шешен адма туралы айтқан сипаттауалры мынадай синонимдік қатардан көрсек болады: ШЕШЕН:-сылдыр көмей, жез таңдай,-тілінен бал тамған,-сөзі мірдің оғындай,-су жұқпас,-су жорға,-топ жарған,-тілге бай,-ағып тұрған,-тілге ұста,-тілін безеген,-сөз баққан,-аузымен құс тістеген,-нақышыныа келтіріп сөйлеген,т.б. Бұл тіркестер шешендік сипатты әр тұсынан бағалайды, ішінара мағыналық реңктер бйқалып тұр. Тегінде фраз-дердегі синонимдік қатраларды-образдар синонимиясы деуге де болады.
Қазақ халқының ұлт ретіндегі бір ерекшелігі оның ой өрісінің көркем бейне түрде дамығанын ескерсек, онда мағыналас сөздер қатарының ұлғаюы ұғымға байланысты. Адам неғұрлым білімді, көпті көрген сайын ұғымы тереңдеп, оның түсінігі әр жағынан қырланып, көрген, білген, сезген ситуациясын өзіне бұрыннан таныс тіркестерден гөрі, басқаларға ұқсамайтын сөзбен жаңа тіркеспен беруге ұмтылады.Мұнда, әрине, метафораның да рөлі айтарлықтай.