Мағыналас фразеологизмдердің фразео-семантикалық топтары.Мағ
Кей синоним фразеологизмдердің ішкі семантикалық жақтарына қарай мағыналық реңктері болады, оны біз семантикалық синонимдер дейміз. Синонимдік қатарға енгізілген фраз-дің өз табиғатынан туындайтын семантикалық категорияның парадигмалары фраза-семантикалық топ құруға әрі оның фразеологиялық жүйеде орнын анықтауға мүмкіндік береді. Мағынас фразеологизмдердің синонимдік қатарларының өзіне тән семантикалық ж/е прагматикалық ерекшеліктерін анықтау үшін:
-синонимдік қатарлардағы тірек сөз ж/е тірек мағына н/е түсінік;
-мағыналас фразеологизмдер қатарының лекс-грам-лық ерекшеліктері;
-синонимдік қатар құрамындағы кейбір тіркестердің көпмағыналалығы;
-мағыналас фразеолог.ішкі формасына қарай мағыналық реңктері;
-синонимдік қатарлар құрамындағы фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті мағыналық, стильдік реңктері;
-мағыналас фразеолог.қатарының тіркесімділік шектері н/е синтагмалық оралымдары, сүйемел сөздер;
-қатар құруға тіркестерді мәдени коннотациялардың ықпалы;
-қатар құрамындағы фразеологизмдердің мағына тепе-теңдігі ж/е квазисинонимдер;
-синонимдік қатардың коммуникативтік ед.ретінде функционалдық қызметі сияқты мәселелерді қарастырған жөн.
Лекс.синонимдер мен фразеологиялық синонимдер қатары, саны жағынан ұқсас болғанымен, сырт құрылымы жағынан өзгешеліктер бар. Мағ.ой басым түскен сөздер үнемі фраз-ге тірек сөздің қызметін атқара бермейтін тұстар бар. Кей жағдайда синоним фраз-дің бір тұрақты тіркесі ұйытқы мағынаны ұстап, синонимдік қатарларды «басқару» қабілетіне ие болады. М-ы: «еңбегі еш болу»-еңбегі далаға кету-еңбегі құмға сіңген судай болу- босқа бейнет еті-еңбегі зая кету-еңбегі жерге кеті, т.б. «Еңбегі еш болу»-фраз-лық тіркесіне қалған синоним фраз-дің кез келгені ұйытқы мағынамен қатар тұра алады, демек контексте фразеологиялық тіркестердің орындарын алмастыруға болады. Мұнда қатардағы барлық тіркестерде қайталанатын «еңбегі» сөзі мағына ортақтығын ұстап тұр. Фразеологизмдерге кейде бір ғана жеке сөз тірек болады, кейде фраз-лық тіркестердің біреу өз ішінде синоним қатарларды «басқару» қабілетіне ие болса, енді бірде барлық синоним қатарлар тек ұғым мен түсінікті мағыналас етіп ұстап тұрған бір тұрақты тіркеске тәуелді болады.