Лексикалық синонимдерден мағыналас фразеологизмдердің айырма
Сөздердің бір-біріне мағыналас немесе синоним болуы лексикалық синонимдерге жатады. Лексикалық синонимдер семантикалық категориялар ішінде әбден зерттелген сала деуге болады. Сөздердің синонимділігі жайлы айтылған ғылыми иұжырымдар негізінен бір ортақ пікір айналасынан табылады.
Лексикалық синонимдер номинативтік тұлғалар синонимдік қатарлардағы мәндес ұғым, түсініктің атауын нақтылайды. Мағыналас сөздер қатарының ұлғаюына тілдегі экспрессивті лексиканың әсері мол екендігі бұрыннан белгілі. Ал осы арада синонимдік қатынасқан түсетін фразеологиялық тұлғалардың алатын оны ерекше. Фразеолог.тіркестерде жеке сөздерге кейде балама ретінде синоним болып табылады. М-ы: алыс-қашық ұғымдары үшін жет түбі, айшылық жер, жеті қабат жер астында. Тыныштық(сәті)-құлаққа ұрған танадай-шыбын ұшқаны білінбеу-сілтідей тыну.
Лекс.синонимдерге қарағанда мағ.фразеолог-дер ойды анықтау дәл әрі образды жеткізуде таптырмайтын тілдік құрал. Фраз.жеке ж/е мағыналас қолд.сөйлемдердегі түрлеріне назар аударсақ: Осынаша ит өлген жерге сендерді сүйретіп обалдырыңа қалдым-ау!-деп аянышпен қарап қоямын(Үш қиян). Қиыр жайлаудан ит арқасы қияннан күн түн қатып, «бар балам абақтыда сарғайып жатыр, аман-жаманын біліп кеп бер» деп кәрі шешесі мені жұмсады. Сөйлеу тілінде, көркем шығармаларды қолданыстағы алыс, қашықтық ұғымы қазақ фразеологизмдері көбінесе ит өлген жер(ит арқасы қиян) тіркестерімен жиі сипаттайды.
Синоним фраз.арасында лингвистикалық байл.болады. Сөздер н/е фраз-дер бі-біріне синоним ретінде олардың ұғымындағы жалпы түсінігі бірдей болғанымен тілд.қолданыста әркелкі көрінеді. Мәселен, «Көп» деген сөздің түсінігі бір фраз-де – «ине шаншар жер жоқ»-деп бейнелесе, енді бірде «ит басына іркіт төгілген» деген молшылықты айтады. Лекс.синонимдерге қарағанда мағ.фразеолог-дер мағ.тұтастығы мен стильдік әсері көбінесе бір дәрежеде сақталуға тырысады. М-ы: «үн жоқ, түн жоқ ләм-мим демеу, бірауыз сөз қатпау, жұмған аузын ашпау, двымын шығармау, аузына құм құйылу, тастай қату, жағы қарысу». Осы мыс-дағы «үндемеу», «сөйлемеу» мағ-дағы синоним фраз. Мағ.тұтастығындағы ерекшелігі мен стильдік ыңғайда дәрекжелену сатысын я кем, я жоғары деуге болмайды.
Фраз.син-дер қандай стильдік сатыда қалай қолд.да экспрессивтілігі жағынан сатыланып тұратын тіркестер. Син-дер қолданыс ыңғайында бір-бірінен әрі семантика-стилистикалық синонимдер ретінде де ажыратылатын тұстары бар. М-ы: долы үлкен, көне көз-сыйлы үлкен кісі, бір көйлек бұрын тоздырған-ол да сыйлы, бірақ көне көз емес. Мұнда сәл де болса өзімсіну, жас мөлшерін жақындатуға бейім тұрған тіркес ж/е полисемиялы. Сонай-ақ «қосып айту»-эфемистік тұрғыда сыпайлап тұрса, «аузы мұрны қисаймау», «беті бүлк етпеу»-сөйлеу тіліне тән стильде қолданылу-мағыналас, синонимфразеологизмдерге стильдік бояулары арқылы ерекшеленеді. Мағыналас фразеолгизмдердің ерекшеліктері олардың синонимдік қатар құраған кезінде жан-жақты, толық байқалып, анықтала түседі.