Шредингер теңдеуі.Стационарлық күйлер.Квантталу
Зат бөлшектерінің толқындық қасиеттері жайындағы де Бройль идеясын дамыта келе, австрия физигі Э.Шредингер (1887-1961) өзінің атақты теңдеуін ұсынды (1926). Осы теңдеу әр түрлі күш өрістерінде
қозғалатын бөлшектің толқындық функцияларын табуға мүмкіндік береді. Шредингер теңдеуі былай жазылады:
мұндағы m – бөлшек массасы, i – жорамал бірлік U – бөлшектің потенциалдық энергиясы, – Лаплас операторы. (4.5)теңдеуінен толқындық функцияның түрін U функция, яғни түптеп келгенде бөлшекке әсер ететін күштердің сипаты анықтайтындығы шығады.Шредингер теңдеуі – бұл Ньютон механикасының теңдеулері,электромагниттік өріс үшін Максвелл теңдеулерімен және т.б. қатар қазіргі заманғы физиканың іргелі теңдеулерінің бірі, және де ол қорытылып шығарылмайды. Оны бастапқы негізгі ұйғарым деп қарастыру керек. Шредингер теңдеуінің дұрыстығы теория нәтижелерінің эксперимент деректерімен толық үйлесуімен, және де практикада қолданыс тапқан, мысалы, мазерлерде, лазерлерде, жартылай өткізгішті қондырғыларда және т.т. көптеген болжауларымен расталады.
Бұл теңдеу стационарлық күйлер үшін Шредингер теңдеуі деп аталады. (4.5) теңдеуін Шредингердің жалпы теңдеуі дейді.