Сутегі атомының магниттік моменті.Бор магнетоны
Электрон радиусы r орбита бойымен ν жылдамдықпен қозғалатын болсын.Электрон орбитасын қиып өтетін аудан арқылы әр секунд сайын еν заряд тасымалданады,е- электрон заряды,ν- электронның ядроны айналу жиілігі.Демек орбита бойынша қозғалатын электрон дөңгелек токқа парапар i=eν
Осындай токтың магниттік моменті,анықтама бойынша µ=iS немесе µ=eνπr^2.2πrν=v болатыны ескерілгенде µ үшін өрнек мына түрге келеді:
µ=eνr/2
Электронның импульс моменті L=-eL/2m, (а)
Мұндағы «-» таңбасы µ және L моменттерінің бағыттары өзара қарама қарсы екендігіне нұсқайды.
L векторы электронның орбиталық моменті деп аталады.
Бөлшектің магниттік моментінің оның механикалық моментіне қатынасы гидромагниттік қатынас деп аталады.Электрон үшін ол мынаған тең:
µ/L=e/2m
Бордың кванттық шартына сәйкес L=ħn,осыны пайдаланғанда (а) өрнекті мына түрде жазамыз:
µ=µ_Б*n, n=1,2,…
мұндағы µ_Б - Бор магнетоны:
µ_Б=ħe/2m=0,93*〖10〗^(-23)Дж/Тл
Сонымен электрон Бордың бірінші орбитасымен қозғалғанда оның магниттік моменті бір Бор магнетонына тең болады.