Сутегі атомының энергия деңгейлерінің диаграммасы.
E=E_n=-(m_0 e^4 Z^2)/(32π^2 ε_0^2 h^2 )*1/n^2 өрнегіндегі z=1 болғанда сутегі атомының энергетикалық деңгейлері үшін өрнек алынады
(5.21)
Мұндағы – энергия өлшемділігі бар шама, Ридберг деп аталады; ол атомның энергия шкаласының масштабын анықтайды.
1Ry=1,79⋅10-16 Дж≈13,6 эВ.
(5.21) өрнектен n-нің өсуіне байланысты атомның дискреттік энергия деңгейлері өте тез жиілейді (екі көрші деңгейдің En айырмасы ∼1/n3 заңдылықпен кішірейеді), ақырында (n) E=0 болады.E>0 болғанда электронның байланыспаған, еркін күйіне сәйкес келетін үздіксіз спектр аймағы басталады.
(5.21) өрнек Бордың теориясы бойынша сутегі атомының n санымен сипатталатын стационарлық күйдегі энергиясы өрнегімен дәл келеді. Ал Бор теориясы бойынша табылған сутегі атомының стационар күйіндегі энергия мәні дұрыс екендігі белгілі. Бұл жөнінде кванттық механиканың артықшылығы сол, Шредингер теңдеуін қолданғанда, ешбір қосымша гипотезалар немесе болжаулар пайдаланылмайды. Атом энергиясының дискрет мәндері Шредингер теңдеуінің меншікті мәндері ретінде табылады.