Макроэкономика нені зерттейді?
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:[өңдеу]
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
инфляцияның табиғатын талдау;
экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
• экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.
Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.
Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға — жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.
Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.[4]
Микро- және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.