ЖІӨ

Жалпы Ішкі Өнім, ЖІӨ (ағылш. Gross Domestic Product) — мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Бұл атауды ең алғаш Саймон Кузнец ұсынды.

Жалпы Ішкі Өнім - қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, бір жылда елдің ішінде осы елге, сондай-ақ өзге де елдерге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып жасалынған түпкілікті өнімнің рыноктық бағалармен белгіленген жиынтықты құнын білдіреді.[1]

атаулы' (ағылш. nominal GDP) — берілген жылдағы ағымдағы бағалар арқылы көрсетіледі.
нақты (ағылш. real GDP) (инфляцияға түзетілген) — базалық жыл ретінде көрсетілген уақыттағы бағалар арқылы көрсетіледі . Нақты ЖІӨ бағаның әсерін емес, нақты өндіріс өсуінің ЖІӨ-ге әсерін көрсетеді.[2].
Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы ЖІӨ дефляторы" деп аталады.
Фактылы ЖІӨ— толық жұмыспен қамтылмаған кездегі ЖІӨ. Экономикада іске асырылған мүмкіндіктерді көрсетеді.
Әлеуетті ЖІӨ — толық жұмысбастылық кезіндегі ЖІӨ.Экономиканың бар мүмкіндікті пайдалану кезіндегі ЖІӨ-н көрсетеді.