Бал туралы қызықты деректер

«Солтүстік» аралары балдарын омартаға жинақтап, қыс мезгіліне сақтайды. Қаһарлы қыстың суығында жәндіктер балмен қоректенеді. Осы аралар Африка жерінде де кездеседі. Ол жерде қыс болмайтындықтан Африка аралары балды жинамайды екен.

Қазіргі таңда балды шығарудан Сібір жері Қытайдан кейін көш бастап тұр. Мәселен, табиғаты қатал Сібір өңірінде араларды 200 жылдан бері ұстап, одан несібін тауып отырған отбасы да бар екен. Аталмыш салада жетекші елдердің алдыңғы орнында тұрған Қытай қарақұмық балының өндіретінін бірі білсе, бірі білмес.

Балдың аллерген болуы өте сирек кездесетін жайт. Егерде жұмыскер аралар улы өсімдіктерден бал жинаған болса, сол балдың улы болып шығуы әбден мүмкін.

100 г балды жинау үшін араларға бірнеше шақырым ұшуға тура келеді.

30 г балды жинауға 200 ара өсімдіктерден балшырындарды жинап 1 күн бойы толассыз еңбек етуі қажет. Дәл сонша ара оны омартаға қабылдап, өндіруі тиіс. Ал дәл осы уақытта аралардың бір бөлігі судың буланбауы үшін ұяны желдетіп отырады екен.

Ежелгі Египетте балды ақша ретінде төлеген. Уақыт өте келе бұл әдісті римдіктер де қолданыпты.

Бірталай жасқа келіп қалған Демокрит мейрам кезінде өлмеу үшін бал құйылған құмыраның жұпарын иіскеп отырған деген аңыз да бар. Ал мерекеден кейін ол құмыраны алып кетуге бұйырған. Тарихи деректерге сүйенсек, Демокрит 107 жасында қайтыс болған екен.