Әлемдегі ең шағын көше қайда орналасқан?
Гиннес рекордтар кітабының айтуынша, Шотландияның Уик қалашығында әлемдегі ең шағын көше орналасқан екен. Аталмыш көшенің ұзындығы 2 метр 6 сантиметр. Сонда көшенің ұзындығы баскетболисттердің бой өлшемімен бірдей десек те артық айтқандық емес.
Көптеген шотландиялықтар аталған көшенің негізін салушы Александр Синклер деп айтады. Ол 1883 жылы Америкаға қонақ үй бизнесімен айналысу үшін келген екен. Сол кезде жергілікті билік өкілдері Александр Синклерден қонақ үйдің маңдайшасында жазулы тұрған әріптер үшін де салық төлеткен көрінеді.
Айтпақшы, аталмыш қонақ үйдің жалпы ұзындығы сол көшенің түгелдерлік бойын алып жатыр.