Әлемдегі ең қымбат жылқының құны қанша?

Әлемдегі ең қымбат жылқының бағасы 40 миллион доллар екен. Ал сәйгүліктің аты Шариф Дансер. Бұл жылқы ағылшын арғымағының тұқымы болғандықтан талай ұлттық бәйгелерден бірнеше мәрте жеңімпаз атаныпты.
Аталмыш жылқының дене бітімі мығым, ұзақ шабысқа ерекше шыдамды, әрі ат спортына деген құлшынысы зор екендігін айтады бапкері де.
Осындай асыл тұқымды жылқыларға деген сұраныс өте көп. Мысалға, мұндай жылқылардың бағасы 1 млн доллардан 10 миллионға дейінгі қаражатты құрап отыр. Ал Шариф есімді сәйгүлік 1984 жылдан бастап әлемдегі ең қымбат жылқы болып саналып келеді.