Ең алғашқы ұялы телефонның тарихы
Сонау 1973 жылдың 3 сәуірінде атақты Манхэттен қаласының тұрғындары қолына үлкен пластикалық түтікті ұстаған адамды алғаш рет көріп таңғалыпты. Ол Мартин Купер болыпты. Оның аталмыш түтікті құлағына тақап бірдеңе деп сөйлеп жатқанын көрген тұрғындар таңғалысын еш жасырмаған. Бұл Мартин Купер есімді азамат Motorola мобильді байланысының директоры еді.
Ұялы байланыстың негізгі қағидалары одан әлдеқайда ерте, дәлірек айтқанда 1946 жылдан бері белгілі болған. Алайда принцип телефон өндірісінде ең маңызды жайт емес. Негізінен даму қорларымен сараптаманың болмауы ұялы байланыстың дамуына кедергі жасады. Ал 60-ы жылдары AT&T және Motorola жеке компаниялары телефония бағытын дамытуды жолға қойыпты. Мысалы, Motorola компаниясы алғашқы ұялы телефонды жасап шығару үшін өз бюджетінен 15 миллион АҚШ долларын бөлген екен.
Бастапқы айлардың өзінде осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде алғашқы телефонның прототипі пайда болды. Оның салмағы бір келіден астам, әрі қолдануға ыңғайсыз болса да жетілдіру жұмыстары қарқынды дамып, аталмыш саладағы еңбек өз жемісін бере бастаған.
Жиілік тарату желілері туралы мемлекеттік заң шыққаннан кейін компания жұмысын айтарлықтай дамыған. Сөйтіп 1983 жылдың 6 наурызында инженерлер өңдеуді аяқтап елеулі еңбектерін қалдырды.
Соның нәтижесінде, сериялық өндірісте салмағы бар жоғы 500 граммды құрайтын ұялы телефон жарық көрді. Оның бағасы 3500 АҚШ долларын құраған екен.