«Қисық» орманның ерекшелігі неде?
Польша мемлекетіндегі Грыфино деп аталатын қалашыққа жақын маңда «қисық» қарағайлы орманды кездестіруге болады. Бұл ерекше орманның негізі 1930 жылы қаланған. Алғашында 400-ге жуық қарағай ағашы отырғызылыпты.
Бүгінде ағаштардың осылайша қисайып өсуін ешкім дәлме-дәл түсіндіріп бере алмайды. Кейбір ботаник ғалымдар мұның себебін қатты соққан желдің әсерінен болған құбылыс деп түсіндіреді. Тағы бір материалдарда, селекционерлер ағашты әдейі солтүстікке қарай қисайтып отырғызған деп те жазылыпты. Аталмыш орманды толығымен баптап, күтім жасауға мүмкіндік болмапты. Оған себеп екінші дүние жүзілік соғыс…
Айтпақшы, «қисық» орманда басқа жердегідей құстардың әуенін ести алмайды екенсіз. Мұның себебін әлі күнге дейін ғалымдар да анықтай алмай отыр.