Ғажайып жаңбыр
Жаңбыр – табиғаттың қарапайым құбылысы, онымен біреуді таң қалдыру қиынға соғады. Алайда, күнделікті көріп жүрген жауын-шашынның түр-түрі болуы мүмкін. Мәселен, 1755 жылдың қазан айында қан қызыл түсті жаңбыр Швейцарияның Локарно қаласында жауып жұртты таң қалдырды.
Дәл сол кезде Альпі тауларында аппақ қар қызыл түсті болып жауды. Сахара шөлінің шаңы қатты желдің әсерінен 3 000 км қашықтықта орналасқан Швейцарияға дейін жеткен.
2008 жылыҚытайдағы Сычуань жерсілкінісінің қарсаңында бақалар жауын-шашын сынды болып жерге түскен.
Ал, 1877 жылдың 15 қаңтарында Мемфис қаласының көшелерінде жыландар да жаңбыр орнына жауды. Сонымен қатар, олардың арасында ұзындығы жарты метрге жететін жыландар да кездесті.
Жаңбыр кезінде бақалар жиі-жиі аспаннан жерге түсіп жатқан. Тағы да дәл осындай «бақалы» жаңбыр 1939 жылдың 16 маусымында Ұлыбританиядағы Троубрижде жауды. Екпіні қатты дауыл көлшіктегі бақаларды жақын аумақтағы қалаға ұшырып жіберген. Ал Гандураста мұндай жауын ХІХ ғасырдан бері үнемі болып тұрады екен.
ХІХ ғасырдың 60 жылдары АҚШ қалаларының бірінде қаймақ түріндегі жауын-шашын жауған. Мамандар мұның себебін қаладағы жүгеріден құрғақ қаймақ өндіретін комбинаттың болуы деп түсіндіреді. Комбинаттағы тазалаушы құбырлар бітеліп қалған кезде, өнімнің ұнтағы ауаға тараған.Жергілікті тұрғындардардың айтуы бойынша, тіпті бұл қаладағы тұманның өзі жабысқақ болып келеді екен.
1969 жылы Флорида штатында қатты сел құйып өткен. Күтпеген жерден жаңбыр тамшыларымен қоса жерге ондаған гольф ойнына арналған доптар да түскен. Ал, бұл аспаннан жауған доптардың иесі кім екені әлі күнге дейін белгісіз.
1974 жылы желтоқсан айында Англияның Беркширіндегі мектепке бірнеше күн қатарынан пісірілген жұмыртқалар түсіп отырған.
1984 жылдың 11 мамырында АҚШ – тағы Виксбер ауданында бұршақ жауған кезде, бұршақтардың бірінде мұздатылған тасбақа болыпты.
1990 жылы Охот теңізінде жапондардың балық аулау қайығына аспаннан сиыр құлаған екен. Балықшылар қайыққа бір емес бірнеше жануар құлағанын айтады.
2001 жылы Ұлыбританияда, ал 2007 жылы АҚШ – та жаңбыр тамшысымен қатар жерге жаңбыр құрттары түскені тіркелген.
Мұндай жағдайлар тек алыстағы шет елдерде ғана емес, сондай-ақ көрші тұрған Ресейде де орын алғаны мәлім. 1940 жылы 17 маусымда Горький облысының Мещера ауылындаХVI және XVII ғасырларға жататын күміс тиындар жаңбыр болып жауған. Бұл тиындардың қайдан шыққанын дәлме-дәл айту өте қиын. Сонда да факт факт болып қалады.