Смартфондар эволюциясы

Біздің күнделікті қолданып жүрген мобилді телефондар мен смартфондардың сонау 50-60 жылдардан бастап, қазіргі кезге дейінгі даму тарихына шолу жасап кетсек. 1961 жылғы кеңестік мобилді телефонның салмағы қанша болды, Motorola телефонынан ең бірінші кімге қоңырау шалынды және қай компаниялардың смартфондары нарықта көшбасшы атанып отыр, міне осы сұрақтарға жауап төменде көрсетілмек.
1. 1957 жыл. Кеңес Одағының ғалымы Л. Куприянович өзінің мобилді телефон атты жобасын көпшілікке ұсынды. Тұңғыш телефоннның салмағы 3 кг болды. Бірақ 1958 жылы оның салмағын 0,5 кг шейін азайтты. Ал 1961 жылы ғалым мобилді телефонның қалтаға сиятындай нұсқасын ұсынды. Салмағы 70 грамм, әрі ол алақанға оңай сыйып тұрды.
2. 1973 жыл. Ең алғашқы қоңырау Motorola DynaTAC телефонынан шалынды. Компанияның тұңғыш мобилді телефонының жасаушысы Мартин Купер бәсекелес AT&T компаниясының қызметкері Джоэлю Энгелюге қоңырау шалды. Motorola компаниясының дәл осы телефонынан бастап АҚШ-тағы мобилді байланыстың дәуірі басталды.
3. 1984 жыл. Nokia компаниясының тұңғыш мобилді телефоны шықты. Mobira Talkman атты телефонның салмағы 4,7 кг болды. 6 жылдан кейін бұл телефон әлемдік нарықта сатылымға шыға бастайды. Сол кезден бастап Nokia дәуірі бастау алады.
4. 1996 жыл. Әлемдегі ең алғашқы коммуникатор — Nokia 9000 шығады. QWERTY-пернетақтасы, үлкен дисплей, созылмалы антенна — міне осы ерекшеліктердің арқасында телефон 1996 жылы хит болған.
5. 2000 жыл. Жапонияда Sharp РСМ-1 атты ең алғашқы сенсорлы телефон шығады.
6. 2007 жыл. Әлемді өзгерткен Стив Джобс өзінің керемет туындыларының бірі — iPnone смартфонын әлемге таныстырып жатыр. Ол смартфон туралы мамандар android-смартфондар арасында" өліп қалады" деген болжамдар айтқанымен, кейіннен бұл смартфон әлемдік нарыққа жаңа серпін әкелді.
7. 2012 жыл. Samsung компаниясы Apple компаниясын смартфондар сату көрсеткіші жағынан басып озады. Сатылым көрсеткіші 50 миллион смартфонды құрайды.
Қазіргі әлемдік нарықта жоғары технологиялық гаджет жасау жетістікке жету үшін жеткіліксіз. Барлық компаниялар өзінің смартфондарың керемет қылып жасауға тырысты. Жасамағандары болмады, Full HD дисплей, төрт ядролы процессор, сапалы дыбыс, үлкен өлшемді мықты камера, бірақ қазіргі заманда бұлардың бәрімен еш қолданушыны таңқалдыра алмайсың. Sony Xperia Z, HTC One, Samsung Galaxy S4 және т.б. — бұл жаңа смартфондар қанша ерекшеленгенімен, техникалық жағынан бірдей екені айдан анық.
Финдік компанияның заманы аяқталғанын, оның қайтадан кейін оралмайтынын жұрт біледі. Бұл алпауыттың орнын америкалық компаниялар басып жатқанымен, Оңтүстік Кореялық бәсекелесінен асып оза алмай отыр.