Корридадағы ең үздік матадорлар
18 ғасырдан бері бастау алып келе жатқан коррида спорты бүгінгі күнде Испания елінің ұлттық спортына айналды. Қызыл құмда матадорлар мен өгіздердің арасындағы өмір мен өлім арасындағы шайқасын көруге әлемнің түкпір-түкпірінен келіп тамашалаушы жұрттың санында есеп жоқ. Қанша қауіпті спорттың түріне айналса да қала жұртшылығы бұл спорттан бас тартқан емес. Керісінше шынайы көрініс пен матадорлардың ептілігін көріп ләззат алушылар өмірлеріндегі ең қызықты демалыс ретінде санайды.