Гомогенді гетерогенді жану реакциялары.Массалық стехиометрия
Жану дегеніміз-өздігінен тұтанатын және өздігінен таралатын жанатын қоспа мен тотықтырғыштың әсерлесуінің салдарынан болатын физ-хим процесс.
Жану процесі 2 түрге бөлінеді:
1.Гомогенді реакция дегеніміз- біртекті жүйелердің жануы.(газ+газ)
2.Гетерогенді реакция- екі түрлі агрегаттық күйдегі зат қоспаларының жануы.
Сұйық отынның жануы бірнеше кезеңдерден тұрады.
1.Булану
2.Тұтану
3.Жанады.(жану өнімдері өлініп шығады.)
α СН4+β2О2→γСО2+θ2Н2О nCH4=1
nO2=2
Жану реакциялары 2 түрге бөлінеді:
1.Эндотермиялық q<0
2.Экзотермиялық q>0
αA+βB→γM+σN+Q -Жанудың хим-физ реакциясының жалпылама теңдеуі.
α,β,γ,σ-мольдік стехиометриялық коэффициенттер.
Q-реакцияның жылулық эффектісі.
Q-1кг немесе 1м3 немесе 1 моль отын жанғанда бөлінетін энергия мөлшері.
1кг отынның жануына қажетті тотықтырғыштың мөлшері массалық стех.коэфф-мен анықталады.
σА=m_B/m_A (1)
mB= σА*mA (2)
B-тотықтырғыш (оттегі)
A-отын (CH4,C2,H2)
Егер отын мен тотықтырғыш өзара қалдықсыз әсерлесетін болса онда олар өзара стех.қатынаста болады.
Егер отын (2)-шарттан көрсетілген мөлшерден артық алынатын болса оны асқын отын деп атаймыз.
n=m/MV=ϑ/V - жалпы мольдік концентрация
V- зат мөлшері.
nA=m_A/(m_(A ) V) = α/V - отынның бірлік көлемдегі мольдік концентрациясы
nB=m_B/(m_(B ) V)=β/V – бірлік көлемдегі тотықтырғыштың мольдік концентрациясы.
n_A/α=1/V; n_B/β=1/V→n_A/α = n_B/β -мольдік концентрация үшін стехиометрия шарты.
Мысал: C13H28+20O2→13CO2+14H2O
nC13H28=1
nO2=20
MA=13*12+28=184г/моль
mA=184г
MB=16*2=32г/моль
mB=20*32=640г
σ=m_B/m_A =640/184=3.47