.Б.Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» атты сын мақалалар жин

Белгілі әдебиетші, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» атты мақалалар жинағына қазақ әдеьиетінің көрнекті өкілдері – С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Орманов тағы басқалардың шығармалары жайлы сын-зерттеу еңбектері енгізілген. Сонымен қатар, шеберлікті шыңдау тұрғысынан соңғы леп – жастар творчествосына да талдау жасап, кең тоқталған сын мақалалары бар.Ғалымның келесі бір еңбегі «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталады. «Шындық және шеберлік» атты мақалалар жинағында (1966) жарық көрген еңбек кейін де осы атпен «Жылдар жемісіне» енген (1984) «бұл мақаланың мақсаты – шығарманың жанрлық ерекшелігі жайында әңгіме қозғау» Зерттеуші одан әрі: «Тар жол, тайғақ кешудің» көркем әдебиеттің қай жанрына жататынын әңгімелеуге үлкен негіз бар. Себебі бұл туынды роман ба, мемуар ма, әлде тарихи еңбек пе,-соны осы шығарма жөніндегі, әдеби зерттеулер тап басып дәл айтпайды.
«Тар жол, тайғақ кешу» – көркем очерктер циклы» дейді ғалым.»Шындық пен шеберлік» атты сын мақлалар жинағындағы кейінгі тарауларда тек шығармаларының аты аталып, бағыт-бағдарлары ғана көрсетіліп отырған. «Шындық және шеберлік» кітабына енген «Терең талант» іштей бес тараушаға бөлініп жүйеленіпті.«Бейімбет (Бимұхамбет) Жармағамбетұлы Майлин – қазақ халқының совет дәуіріндегі көрнекті талантты ақын жазушысы» - деп басталатын бірінші тарауша Б.Майлиннің өмірбаян деректерінен мейлінше мол мағлұмат береді. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерін түгелге жуық қамтыды, яғни хрестоматиялық анықтамалық толық жеткілікті.«Терең таланттың» екінші тараушасы естелік түрінде жазылған, келесі тараушалары ақынның жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы шығармашылық өнеріне, қазақ әдебиетіне әкелген Мырқымбай образының тарихына сол сияқты күнделікті актуальды тақырыпты алға қойып жырлаған ақынның шеберлігін атайды. Сыншының Б.Майлин жайында жазған еңбектерінің маңыздылығы төмендегіше:Біріншіден, алғашқы еңбекте әдебиет тарихына енгізіп, шығармалық өнеріне мейлінше әділ баға беріп, қазақ совет әдебиетінің қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.Екіншіден, Ақын өмірі мен шығармашылығын мол қамти отырып жазушының адами қасиеттерін ашуға үлес қосты.Үшінші, «Азамат еді» естелігінің де ғибраты мол, алғашқы еңбектер сұлбасында жазылғанмен, өзіндік айырмашылығы үлкен жүректі ардақты жазушының жас толқынға, жаңа буынға деген қамқорлығын үлгі етеді.Б.Кенжебаевтың біраз мақалалары І.Жансүгіров шығармашылығына арналған.«Ақын Ілияс», «Ілияс Жансүгіров», «Ағыл-тегіл ақын» атты Б.Кенжебаевтың І.Жансүгіров жөніндегі мақалалары да қызғылықты, өнегелі.«Ақын Ілияс» шағын-шағын үш тарауша – үш бөліктен тұрады.Әр бөліктің өзіндік өзгешелігі бар.