Сын және сыншы
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымыныңі тарихи белестерінен 3 кезеңнен тұрады. 1-кезең –қазақ әдебие сынынң туу дәуірі. Қ.ә туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. 2-кезең – қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасуы және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі (1917-1937). 3-кезең – қазақ әдебиет сынның өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі (1938-1985). Әдеби сынның туу, қалыптасу проблемалары тек творчествалық емес, саяси-әлеуметік мәселелермен де тікелей байланысты болғандықтан әдебиет сыны тарихында оны орағытып өту мүмкін емес. Сынның социологиялық және эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді. Әдеби сын –көркем шығармаларды талдап, баға беріп олардың идеялық-көркемдік мәніні, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы. Сыншы-әдеби сынның объектісі. Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келеді.Көркемдік даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің ілгері-кейінділігіне қарамастан, өзара байланысты болады.Бұл заңды да.Ал енді көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келген сынның дәрежесі қандай болмақ деген мәселеге келгенде , екі себепке:субъективтік және объективтік себептері бар.Сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиетің шыққан биігімен өлшенеді.Сынның кейде социологиялық, кейде эстетикалық таңдауларға ден қоюынын өзі де әдебиеттің қамтыған өмір шындығын белгілі дәрежеде тәуелді болатын кезін естен шығармау қажет.
Қай кез болмасын,әдебиеттің өрлеу кезінде де, оның кейде көркемдік жағынан да,қоғамдық пікірді ұйымдастыру жағынан да биік деңгейден табылмай қалатын шағында да сыншының білім-парасаты мен эст.талғамы санаттан шығып қалған емес.Мұның өзі сын дәрежесін аңғаруға қажеті субъективтік себеп.Егер көркем шығармалар өзінің қоғамдық мәні жағынан көркем бейнелер жасау,типтік жағдайларды көрініспен суреттеу,тіл байлығын игеру,оқушыны ілгері ұмтылдыраын эст.идеяларды белгілеу жағынан биік деңгейде болса, онда сынның өрісі биік болғаны.Сыншы әрқашан көркемдік дамудың кезеңді асуларында ойын өрбітуге қажетті дәлелдерді әдебиетің күнделікті шындығынан ала отырып, келешекте шығар биіктерді бағдарлайды,әдебиеттің өркендер арнасын анықтайды,әдеби процеске белсене араласады.
Сынның негізгі мақсатының бірі – ажарсыз бен келіссізді мінеу емес,ең алдымен адамның жан дүниесін, талап*талғамын әсемдік ен сұлулыққа,ізгідікке тәрбиелеу. Ауыз әдебиетінің қай үлгісі болмасын халықтық эстетиканы,халықтың сыншылдық көзқарасы мен парасатын танытып отырады.Өйкені көркемдіктен ләззат алу,әсемдік пен сұлулықты ардақтау,озық үлгі-өнеге бастап, жамандыұтан жирендіріп отыру – халықтық талап –талғамның жемісі,сыншылдық көзқарасардың нышандары. Ақыл-сана жүрген жерде сыншылық көзқарас еріксіз араласып отыратыны табиғи процесс.