І.Жансүгіровтің Абай жинағына жазған алғы сөзі
Абайдың 1909 жылы өлеңдер жинағы шығып, қазақ сахарасына кең таралғанда көңіл көзі ашықтар, әсіресе ақындар мен оқушы шәкірттер дүр сілкінген болатын. Абай ақындығына тәнті болып, өлең арнағандар некен-саяқ.
Ілияс Жансүгіровтың Абай жинағына жазған кіріспесінің негізгі мақсаты-кемеңгер Абайдың дүниетанымын айқындау болғанымен,артық сілтеп жіберген.Ілияс Жансүгіровтың бұл еңбегі,негізінен алғанда,бірінен бірі туындап жатқан екі мәселенің сырын ашуды көздеген.Біріншісі-Абай заманы,екіншісі-осы заман идеологиясының Абай дүниетанымын қалыптастыруға жасаған ықпалы.Қазақ халқының тарихы,сондай-ақ әдебиетінің тарихы жасалмай жатқан кезде және ескі идеология мен жаңа идеологияның арасындағы идеялық-творчестволық күрестің сілемі әлі де болса сезілп жатқан кезде Абайдың өмір сүрген заманын ұзақ сонарлы зерттеудің ешқандай әбестігі жоқ.Осыны терең де толғамды айтамын деген игі тілек әрқашан өрелі биіктен табыла бермеген.
Абайдың ақындығына келгенде,Ілияс біраз көсіліп,бұрынғы ой-пікірлерде кездеспейтін өңірлерге көз салады.Өйткені ақынды ақынның түсінуі,оның сырын ашуы бірқыдыру құнарлы ойларды сабақтатқан.Алайда алдағы социологиялық ой ағыны тартына сөйлетіп,емеурінмен ғана білдірткен кезі де жоқ емес.Қазақ әдебиеттануының туа бастау және сынның қалыптасу дәуірінде ақын-жазушының шығармасында қамтылған өмір шындығының әр саласына,тақырып аумағына ойлана көз жіберудің өзі ұнамды құбылыс.Оны Ілияс Абай пікірлері деген тарауда өмірден көрген-түйгенін жүйелеудің өзі,әрі-беріден соң, қазақ халқының мінез –құлқындағы кесір кесапаттардың бәрін түйдектеп,бір арнаға салудың өзі сыншылдық ойдың өрісі кеңігендігін де,сонымен қатар айтар ойдың молайғандығын да анық танытады.Ал сол тақырыптың аумақтың өзі қай үлгі –өнеге,қай тұрғыда көретіндігіне,яғни поэзияның ішкі жанр түрімен нақышталатындығына назар аудару-эстетикалық талап –талғамның өскендігін аңғартатын құбылыс.
Сәкен Абай үлгісімен талай шумақтар жазғаны белгілі. Әсіресе «Ғазелде» Абайдың өлең өрнегін айнытпай қолданып, ұлы ақыннан шеберлікті шыңдаудың жолын үйреніп жүргенін көрсетеді. Абайдың қазақ поэзиясына сіңірген ұлы еңбегі - жарқын да ажарлы жаңашылдығы болса, Сәкеннің үлгі алғаны да, шама-шарқынша ілгері дамытқаны да осы саладан анық көрінеді. Кейбіреулер Сәкен Абайға онша құлай қоймады дегенді сылтау қылып, Абай мен Сәкен арасына "Қытай қорғанын" соғып, алшақтатып жіберуге тырысады және бұл мәселені көбіне идеялық арнада алып шықпақ болып жүргендер де жоқ емес. Қазақ өлеңінің өрнегі жағынан болсын, әуендік мақамы, әуездік ырғағы жағынан болсын реформа жасауда Абай мен Сәкеннің орындары ерекше. Екеуінің рухани табысатын ұлы арнасы да осы салада.