Сынның ұлттық және аймақтық ерекшеліктері

Әдеби сынның көркем әдебиет емес екендігі олардың сипаттарынан байқалады.Көркем шығармаға қойылатын талаптар басқа да,сынға қойылатын талаптар басқа.Көркем әдебиетте көркем бейнелер жасау басты міндет болса,сыни еңбектер логикалық талдауларға құрылады.Сын мақалалары үшін белгілі бір мәселе төңірегінде пікір айту,ой білдіру,баға беру негізгі орында.Бұл сынның басты ерекшелігі болып табылады.Сынның бұдан өзге басты ерекшеліктері мыыналар:
1)Әдеби сынның идеялылығы.Әдеби сынның идеялылығы дегеніміз,сыншының талданып отырған көркем шығармада бейнеленген оқиғаларға,көтерілген мәселелерге қатысты белгілі бір көзқарастарының болуы.Көркем шығарманың идеялылығын анықтау сынға да оңайға түспейді.Себебі,суреткердің айтар ойын барынша түсіну сыншының міндеті.Мысалы,Абайдың өлеңдері жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деп жазады:"Оқып қарасам,басқа ақындардың сөзіндей емес,олардың сөзінен басқалылығы сонша,әуелгі кезде жатырқап көпке дейін тосаңсып отырасың.Кей сөздерін ойланып,дағдыланған адамдар болмаса,мың қайтара оқысада түсіне алмайды..."А.Байтұрсынов айтқандай көркем шығарманың идеясын баяндап ұқтыратын сыншы.
2)Әдеби сынның сыншылдығы.Әдеби сынның басты қызметі - шындықты айту.Әдеби сынның шыншылдығы әдебиеттану ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып,әдебиетіміздің жай күйін жетістіктері мен кемшіліктерін ешбір бүкпесіз айтуынан көрінеді.
3)Әдеби сынның халықтығы.Көркем әдебиеттің құндылығын анықтауға көмектесетін аса маңызды принциптерінің бірі - оның халықтығы.Себебі,көркем шығарма жекелеген топтың,халықтың тыныс тіршілігін,арман мақсатын көрсетудің бір жолы ретінде алып,кезең келбетін сомдауға ұмтылады.
4)Әдеби сынның ғылымилылығы.Әдеби сынның ғылымилылық сипатын арттыра түсу - сыншылардың басты міндетіне кіреді.Бүгінгі әдеби процесімізде аса күрделі құбылыстар жүріп жатыр.Ондағы жаңалықтарды жіті байқап дұрыс баға беру сынның негізгі мұраты болса,бұған жаңаша зерттеу әдістерін қолдана отырып,ғылыми талдаулар жасау арқылы ғана жете алады.
6)әдеби сынның тарихшылдығы.Тарихшылдығы әрбір мәселенің пайда болуын,дамуын,өз кезегінің өзге де құбылыстарымен,жағдайларымен байланысын қарастырады.