Сынның сатиралық түрлері

Әдеби сынның басты мақсатының бірі көркем шығармалардағы кемшіліктерге қарсы күрес болса, «сатира да, юмор да- сын құралы, сын мен өзара сынның әдеби түрі». Сынау жағынан келгенде әдеби сынның сатиралық жанрларының кейбір артықшылықтары да бар. Бұл жерде сатира әдеби туындылардағы түрлі кемшіліктердісынаудың бір әдіс- тәсілі, яғни күлкілі жағдайда көркем бейнелеу түрінде көрінеді.Сынның сатиралық түрлеріне мыналар жатады: әдеби фельетон, пародия, эпиграмма сияқты жанрлар. Сынның сатиралық жанрларының ішінде «әдеби фельетон» уытты да өткірлігімен ерекшеленеді. Т.Қожекеев: «Фельето дегеніміз шағын көлемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын- сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма» деген. Пародия- көркем шығарманың, стильдің, жанрдың күлкілі бейнесі Сынның көркем жанры пародия «өлеңге қарсы өлең» дегенді білдіреді. Көбіне поэзиялық шығармаларға арналып, олардың көзге ұрып тұрған өрескел мінін сынауға арналады. Эпиграмма қиын жанр. Оның қиындығы әрі лирикалық, әрі публицистикалық, әрі сатиралық сипатында. Сырт қарағанда бұл үшеуінің «басы бір қазанға сыймайтындар». Эпиграмманың күрделілігі осы үшеуінің бір жерде бас қосып, жанрлық үйлесім табуында жатыр. Эпиграмма да көпсөзділіккті, щұбалаңқылықты ұнатпайды. Көбіне нақтылы бір адреске бағышталып, қасқа жазылады.