Әдеби сынның басқа ғылым салаларымен байланысы

Әдеби сын дегеніміз-көркем әдебиет,оның ғылымы мен қоғамдық ғылымдардың,журналистиканың тоғысында пайда болып,күнделікті әдеби өмірді зерттейтін, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, бағалап отыратын,әдебиүдерісте болып жатқан құбылыстарды оқырманның дұрыс түсінуіне көмектесетін,рухани әлем аясында қызмет атқаратын әдеби,ғылыми публицистикалық,әлеуметтік сипатты шығармашылық түрі; қоғамдық ғылыми сананың бір саласы;көркем әдебиет жайлы дәуір үні.Әдеби сынның жүйесіне оның субъектісі(сыншы), нысаны(шығарма,жазушы,әдеби өмір),мазмұны(әдебиеттің өзекті мәселелері),әдіснамасы(талдау тәсілдері),құралдары(ғылым котегориялары,жетістіктері),жанрлары(рецензия,т.б.),бағыты(оқырман),қызметі(танымдық,бағалаушылық,т.б.),ұстанымдары(халықтығы,жауынгерлігі).жатады.Осылардың әрқайсысы қоғамдық өмірдің,қоғамтанудың түрлі салаларымен тығыз байланысты.Мысалы,сынның әдіснамасы жалпы қоғамдық ғылымдармен,оның ішінде философиямен,жанрлары журналистикамен, зерттеу нысаны көркем әдебиетпен, қызметі педпгогикамен, бағыты әлеуметтанумен тікелей қарым-қатынаста. Мысалы,Асан Қайғының желмаяға мініп Жерұйықты шарлап іздеуі және тоқтаған қазақтың әрбір жеріне бағасын беруі философиялық терең ойдың нәтижесі. Қазақтың ұлы бас ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздері, өлеңдері тұнып тұрған философия. Қазақ ертегілерінің, мақал-мәтелдерінің, шешендік сөздерінің барлығында тәлімі мол ой жатыр. Бүгінге дейінгі жіне бүгінгі әдебиетіміздің прозасында да, поэзиясында да халықтың тұрмысы,әлеуметтік жағдайы айтылмай қалмаған.Сонымен қатар сын әрдайым журналистикамен тығыз байланыста жүреді. Оған себеп жын жанрларының публицистикамен байланыстылығы. Күнделікті газет-журналдарда, басқа да ақпарат көздерінде жарияланып отыратын сынның рецензия, хабарландыру, мақала, хабарлама, аннотация сынды жанрлалары қолданылып отырады.