Мақала сын жанры

Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады.Кей зерттеушліер мақаланың әдеби сында ең көп қолданылатындығын, талдаушылық пікір білдірушілік мүмкіндіктерінің молдығын, көлемі формасы жағынан ыңғайлығын ескере отырып оны сын жанрларының ішіндегі ең бастысы, негізгісі деп те біледі. Мақаланың мкақсаты әдеби өмірде болып жатқан құбылыстарды, оқиғаларды, талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандар,а түсіндіріп отыру. Сондықтан да мақалада әдеби сынның ғылыми -публицистикалық сипаты айқын көрінеді. М-ның құрылымдық жағына келсек, мұнда сынныңм басқа жанрларының көптеген элементтерінің кездесетіні көрінеді. Мысалы: мақала жеке кітаптарға пікір білдіретін рецензияның, жекеленген қаламгерлердің шығармашылық портретін жасайтын творчествалық портреттің, бір жанрдағы шығармаларды бағдарлауға арналған щолудың талдаудағы, ой айтудағы өзіндік артықшылықтарын мақала емін-еркін пайдаланады.Сондықтан мақала әдеби сынның құрылымы жағынан аса күрделі, сипаты жағынан сын жанрларының аса қажетті сипатын бойына сіңірген, пікір білдірудің небір ыңғайлы, ұтымды формаларын тауып, қолдана білетін өміршең де әмбебап жанр. Мақаланың басқа сын жанрларынан өзгешеленіп тұратын өзіндік ерекшеліктері бар. Мақала міндетті түрде күн тәртібінде тұрған әдеби процесс алға ұсынған қоғамдық маңызы бар зәру мәселеге арналады. МАҚАЛАНЫҢ ТҮРЛЕРІ теориялық немесе ғылыми мақала, проблемалық мақала, айтыс мақала. МАҚАЛА терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар. Бірінші, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдардың жалпы аты ретінде қолданылып жүр. «Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу, фельетон да болуы мүмкін. Екінші, нақтылы баспасөз жанрының атауы. Газеттің хабар, аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек, мақала да сол секілді осы қатардан белді орын алады. Мақала баспасөз жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын және кеңінен қамтып, тереңірек талдайтын мүмкіндігі молырағы.