Cәбит Мұқановтың сыни ойлары

1926жылы күзде Сәбит Мұқанов “Көркем әдебиет туралы” мақала жазып,”Ақжол” эстафетасын басқа қырынан жетілдірді,әдебиеттің болашағы кімдікі?-дегенді ең негізгі мәселеге айналдырды.Әдебиеттің сол кездегі шындығы ғана емес,оған өзі қолма- қол араласқан Сәбиттің сөзінен алғашқы айтысты қорытындылап,келесі мәселеге көпір салып алғанның да артықтығы жоқ.Қозғалған мәселенің ең маңыздысы “Қазақта тап ақыны бар ма?” деген сөз еді.”Коммунист ақындардың бетін былғадық,масқараладық” деп ұлтшыл сыншылар жүрді.”Тап ақынын бар қылдық,ұлтшыл ақындарға кедергі салдық” деп коммунист сыншылар жүрді.Бірақ ұлтшыл ақындардың қателігін,залалдығын дәлелдеу жағымсыз болмаса,қазақта тап ақыны бар ма, яки бола ма деген мәселені бәз күні бүгінге дейін тиянақтап жеткеніміз жоқ “(“Өсу жолдарымыз”,1960, 33бет)деп түйін жасаған.”Кедейшіл жазушыларды қолдау,көтермелеу аз,бас салып масқаралап сынаушы көп,сондықтан олар үйреніп болғанша қыспақтап кету қате”деген де ,ал сөздің әдемілік,суретшілік жағынан кесек,ол бір күнде бола қоймайды.Оқи біле,түсіне,көре білсек болады.”Азын- аулақ кемдіктеріне ақыл берілсін,бірақ көңңл қалдырарлықтай әзірге зілді сын болмасын”дегендердің де бұра тартылған кезі аз емес.Таптық түсінікті,қатаң да қатал ой пікірді былай қойғанда,Сәбиттің сыни ойлары талай саққа жүгіртіледі.А.Байтұрсыновтың еңбегін ұлтжанды азаматтар жоғары бағалап жатқанда төңкерісшілер бұл оқиғадан совет өкіметіне,оның саясатына қарсылық көрді.Сол кездегі ресми биліктің пікірін С.Мұқановтың” Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер шешендер !“(“Еңбекші қазақ”III.1923 ) аты шулы мақаласы білдірді.Мұнда Ахметтің қызметі мүлдем теріс бағаланды.Смағұлдың баяндамасынды Кенесары,Шоқан,Ыбырай,Абайлар қазақ халқының тарихи кейіпкерлері ,үлгі тұтар азаматтары қатарында аталса,Сәбең бұлардың барлығын да үстем таптың өкілдері ,ұлтшылдар,халыққа жат тұлғалар деп бағалады.Солардың ізін жалғастырушы А.Байтұрсынов хақында “Ахметті алатын болсақ,ол жалпы қазақ халқының Ахаңы емес,қазақтың ақ жағалыларының,Байларының Ахаңы ...Ахмет Байтұрсыновты еңбекшілерге майлап өткіземін деуді қоюы жөн.Еңбекшіл қазақтар арасынан Ахметке орын жоқ.Ахмет байдың Ахаңы,”күле кіріп күңірене шығып жүрген арамзалардың тірегі,”- деп жазды.C.Мұқановтың осы мақаласынан бастап,қазақ әдебиетіндегі азатшыл бағыттағы ағымға қарсы таптық күрес бірден қарқын алып күшейе түсті.Ой еркіндігіне шідер салынған кеңестік кезеңнің қиын қыстау кездерінде өзінің Отаншылдық рухтағы отты ойларын өнердің шарттылық заңдылықтарын сақтай отырып жырлаған Мағжанның ақындығын С.Мұқанов:Октябрьден кейінгі кезде ол” Қайық”,”Толқын”,”Жел”,”Сең” деген сықылды жұмбақтармен өзінің ішіндегі жарасын сыртқа шығарып жүрді.Кейбіреулер мүны таза табиғатты суреттеген өлеңдер,онда тұрған түк те саясат жоқ дер.