Сын дегеніміз не?
Сын-көркем әдебиетттің, әдебиеттану ғылымының,одан қалды бүкіл әдеби процесстің жол басшысы.Ол күллі әдебиеттің,оның ғылымының ішкі мүмкіндіктерін,не бар,не жоғын,күш қуатын саралап біле отырып,алдағы асуларға бастайды.Сынның басты мақсаты- көркем шығарманы талдау,бағалау.Сын дегеніміз-белгілі әдеби шығарманың жетістіктері мен кемшіліктері хақындағы пікірлер.Cын атқарар маңызды міндеттің бірі-үгітшілік,насихатшылық .Ол әдебиетте туындап жатқан жағалықтарды дер кезінде оқырман қауымға үгіттеп,жақсы дүниелерді оқуға ұсынып отырады.Сын әдебиет емес,ал әдебиет сынның зерттеу объектісі.Сол себепті ол әр кезде әдебиеттің шынайы жанашыры бола білді.”Сын күдікке жақын” деп жазады В.Г.Белинский.Сында артық, кем пікірлер айтылуы мүмкін.Мүмкін ғана емес аса қажет.Әдеби сында ерсілі-қарсылы,қайшылықты ойлардың айтылуы заңды құбылыс.Белгілі бір мәселе төңірегінде пікірлесулерді өрбіту мақсатымен өзіне “оқ жаудыру” үшін әдейі қиғаш жазылған сын мақалалары да жарық көруі күмәнсіз.Әдебиетіміздің дамуы жайлы түрліше пікірлердің айтылып,ол төңіректе таластар туып жатуы сынның да жемісті жoлда екенінің белгісі.Сын мұраты -көркем туынды,не әдеби процесс хақында алғашқы пікір білдіру.Сын -сан сипатты аса күрделі сала.Оны апарып тек мынаған жатады деп,тар көлемге тығып қоюға болмайды.”Әдебиет сынмен көркейеді.Бәйгеге қосатын атты жаратып,құйрық жалын сүзіп жіберсе,көрікті болып ,жұтынып шығады.Әдебиетке де сондай күтім,сондай сын керек.Әсіресе,әдебиетті сынау біз сықылды жұртқа керек,өйткені,бізде әлі жөнді әдебиет жоқ,бар болса балапан,буыны бекіп ,бұғанасы қатқан жоқ,әдебиетті тәрбиелей,мәпелей білсек,біздің де ақындарымыз,жазушыларымыз санатқа қосылады”Осыдан жетпіс жыл бұрын Ж.Аймауытов айтқан бұл сөздер күні бүгін айтылғандай.С.Сәдуақасов та” Қазақ әдебиетіне толық сын керек.Сынағаннан әдебиет ақсамайды,қайта сынның жоқтығынан әдебиеттә тот басады.Жазушының қайрағы сыншы,”-деп жазған екен.Сонымен,сынға ұшырамаған жазушы өспейді.Сын- қаламгердің қанатын қатайтып,шығармаларын шыңдайтын үлкен шығармашылық сабақ.Сын аулына соқпай кеткен қалам иесінің шығармашылық қазанының бір қайнауы жетпей жататындай.А.С.Пушкиннің:” Сын-ғылым.Сын өнер мен әдебиеттің туындыларындағы сұлулық пен кемшіліктерді ашып отыратын ғылым”-деуінің өзі де бұл пікірдің қаншалықты тереңде жататынын аңғартса керек.К.Сыздықов:”Әдебиет сыны жазылу формасы жағынан көркем әдебиетке қанша әдебиетке жақын болғанымен,әдебиет туралы ғылымның бір түрі болып саналады”,- деп жазады.М.Коган сын “сипатына қарай ол ғылым да емес,өнер де емес,басқа бір үшінші нәрсе”дегені сынның табиғаты мен сипатының аса күрделі,оңай шешілмейтін күрмеулі,осы салада атқарылар істің ауқымда екенін байқатса керек.