Әдеби шолу

Әдеби шолудың негізгі зерттеу объектісі әдеби өмірде, мақсаты соны шолып, пікір білдіру екен. Негізгі мәселе -сыншының әдеби өмірді, даму бағыттарын қалай көре білуінде, негізгі даму бағыттарын айқындайтын әдеби фактілерді дұрыс айыра алуында. Шолудың ішінде библиографияның, хабардың, аннотацияның, рецензияның, мақаланың, шығармашылық потртреттің т.бт элементтері жүре береді. Әдеби шолудың ішкі анатомиялық құрылымы негізгі үш түрлі құрамдас бөліктерден тұрады. Оның біріншісі-әдеби фактілер,яғни, фактілердің жиынтығы. Олар бейберекет фактілер емес, бір-бірімен органикалық байланысты, көркемдік дамуды бейнелей алатын айтылар басты мәселеге тікелей қатысты болуы керек. Сыншыға барлық фактілерді алу міндет емес, бірақ барлығын ой елегінен өткізіп, әдеби процесстің негізгі бағытына тән,сипаттыларын ғана іріктеп алу, соларды сөйлете білу арқылы өз пікірлерін айту мақсат. Екіншіден, шолуда міндетті түрде әдебиеттің фактілеріне негізделген ой айтылу керек. Жалпы, әдеби сында пікір айту басты парыз болса, бұл шолуда барынша қажеттілікке айналады. Жекелеген кітаптар, қаламгерлер, мәселелер туралы пікірлермен қатар жалпы әдеби өмір туралы толымды, кесек ой-толғамдар шолудың шоқтығын биіктетіп тұрады. Көркемдіктің бүгінгісі, ертеңі жайлы жан-жақты қамтылып, ойластырылып айтылған парасатты пікірлер жанрдың жүрек соғысындай оған өң кіргізіп, өміршең етеді. Үшіншіден, сыншы өз ойларын тиімді жеткізудің түрлі жолдарын таңдайды. Бұл ретте әдеби фактілерге берілген түсініктемелер негізгі рөл атқарады. Мәселе келтірілген әдеби фактілерді қалай түсіндіруде жатыр. Шолулар қамту объектісіне, көлеміне, тақырыбына қарай іштей жіктелініп жүр. Профессор Т.Қожекеев алдымен, көлемді шорулар, шағын шорулар деп жіктеп, біріншісін тақырыптық, жалпы, топтама информациялық шолуларға бөледі. Әдебиеттің даму бағыттарына, дүниежүзілік көркемдік тәжірибеге көз жіберу С.Сейфуллиннің "Әдебиет және оның ағымдары" атты шолуында да бар. Автордың мақсаты қазақ әдебиетіндегі ағымдарға емес, әлемдік әдеби даму барысында жүріп өткен жолдарда қалыптасқан мектептер жайлы қазақ әдебиетшілерін хабардар ету, таныстыру болған. Шолуда әдеби процестің толық панорамасын жасау ниетімен барлығын қамтып, тізімдеушіліктің белең алып, есесіне әдебиеттің басқа түрлерімен, жанрларымен байланыста қараудың әлсіз соғып, көркемдік құбылыстар жайлы ой топшылаулардың жетіспей жататын жақтарының орнын толтыру мақсатында болса керек, соңғы онжылдықтарда тақырыптық-проблемалық шолулар бірсыпыра көрінді. Е.Исмайловтың "Бүгінгі өмір әдебиетіміздің өзекті арнасы" атты көлемді шолуы әр кезде жазылған екі мақаланың басын құрайды.Тақырыптық шолулар проблемалық сипатта көрінеді. Сондықтан да кей жағдайда қайсысы шолу, қайсысы проблемалық, немесе терориялық мақала екенін ажырату қиынға соғады. М.Қаратаевтың "Поэзиядағы дәстүр мен жаңа-шылдығынан" айқын көрінеді. Шолу-әдеби сынның ішіндегі кең ауқымды "ауыр салмақты", мүмкіндігі мол жанры.