М.Қаратаевтың қазақ әдебиеті сынының тууы,қалыптасуы туралы
М.Қаратаев-әдеби сында өнімді еңбек етіп,академиктік дәрежеге көтерілген профессионал сыншы.Сыншылық қызметін Сәкеннің “Қызыл ат “Тартыс” шығармаларына пікір білдіруден бастаған ол отыздан астам сын зерттеу кітаптарын шығарып,қазақ сынының тарихында елеулі із қалдырды.Өз ойыңды дәлелдеу үшін бар білгеніңді үйіп төгуде,жұрт көзінде білгіш атануда емес,әдебиетші қауым алдында өзіңнің бар қару жарағыңды танытуда,айтқан ой пікіріңнің тереңнен нәр алып жатқанын ұғындыра білуде екенін М.Қаратаев қатаң қадағалаған.1937жылы Қазақстан жазушыларының бірінші пленумында “Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” арнайы қаралды.Пленум материалдары Қазақ әдебиеті газетінің осы жылғы үш санында жарияланып,сын жөніндегі ой пікірлердің әбден толысқандығын,шығармашылық проблемаларға іштен еніп,келелі тұжырымдар жасалғандығын көрсетті.М.Қаратаев жасаған баяндамада сынның басып өткен жолы,алған асуы,шығармашылық проблемалары айтылып,жетістік кемшіліктері профессионалдық деңгейде баяндалды.”Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” деген тақырып жалпы сынды емес,белгілі бір әдебиетте жанр ретінде қалыптасқан сынның жай күйін әңгімелеуге арналғандығын аңғартады.М.Қаратаевтың пленумда жасаған баяндамасы сыншылық ойдың көркемдік биігіне көтерілгендігінің белгісі болды.М.Қаратаевтың баяндамасы мәнді кіріспеден басталды да,”Сын алғаш туа бастаған кезде” “ҚазАПП сынының қате кемшіліктері”,”Тарихи қаулыдан кейін” деген тарауларға бөлініп,сынның шығармашылық міндеттерін тұжырымдады.Cынның дәрежесі әдебиеттің дәрежесіне байланысты \Пушкин\болатынын дәлелдеп айтқаннан кейін қазақ әдеби сынының жүріп өткен жолын шолып өтті.Абай дәуірінде “сынға деген тілектің болып ,бірақ сынның өрістеуіне жағдайдың болмағанын,бірнеше жыл шыққан “Қазақ “газеті мен “Айқап” журналында шыққан бірлі жарымды сұйық мақаласымақтардан басқа түкте таба алмайтындығымызды\”Туған әдебиет туралы ойлар”\тілге тиек етеді де,көптен бері айтылып,штампқа айналып келе жатқан ой аңғарына ілесіп:”Қазақ әдебиетінде сынның белгілі бір орын алуға ұмтылуы тек Совет өкіметі тұсында айналасы он-он бес жылдың ішінде деп табады”.Тіпті соңғы кезде “Октябрьге дейін бізде сын атаулының болмауы заңды нәрсе” деген шолақ пікірінен байқаймыз.Автор совет заманында туған сынның дамуын үш дәуірге бөледі:Бірінші, жаңа туған совет әдебиетінің іргесін ұлтшылдық байшылдық сарыннан аулақ салу дәуірі,құрылу дәуірі;Екінші дәуір 29жыл мен 32-33жылдар арасын алады,бұл дәуір қазақ совет әдебиетінің қамдану,қарбану дәуірі;үшінші дәуір-1933-37жылдарды қамтитын соңғы дәуір.Қай мағынасында болсын,бұл соңғы 4-5жыл қарыштау дәуірінің басталған жылдары,ұмтылу,өсу сатысының бірінші үлкен басқышына адым жасаған жылдары деп табады да.