Халыктык эстетика сыни ойдың бастауы

Талай ғасырданбері халықтың рухани азығы болып келген ауыз әдебиеті эстетикалық мұратты қалыптастыру барысында елдік пен ерлікті, әсемдік пен сұлулықты, әділдік пен имандылықты ардактауды, қадірлеуді, жалғандық пен жамандықтан , зорлық пен зомбылықтан , ажарсыз бен көріксіздіктен жиренуді уйрету , ұғындыру арқылы жұрттың көркемдік талап талғамын жетілдіруде озық үлгі өнегесі бар ауыз әдебиеті көне дәуірде де , бүгінгі заманда да өзінің ықпалынан арылған жоқ. Мысалға ертегілерді алайық. Одан керемет поэзия желі еседі, көркемдік шеберліктің тамаша үлгісі көрінеді. Халық ертегілері әрқашанда адамды тәрбиелеудің тамаша құралы болып , әділдік жолында бас байлатып , зұлымдықтан жирентеді. Пушкинді еске түсірейікші, ол балалық шағында ғана емес , атақты ақын болған кезінде де Арина Родионованың айтқан ертегілерін құмарта тыңдаған. Осы ойды қазақтың халық батыры , жазушы Бауыржан Момышұлының: «Менің осы күнгі келіндерім бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатканда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қала ма деп қорқамын» -деп қоюлата түскені тағы бар.
Халық даналығынан туып , тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін мақал мен мәтелдердің өміршеңдігін , жиі қолданылатындығын ,оның эстетикалық қуаты мен қауқары , әсері мен ықпалының молдығын кім жоққа шығара алмақ? Ән әуені естілген жерде қуаныш шаттықтың желі еседі.Халықтын өнер сайысына, ақындар айтысына айрықша ілтипат білдіруі тегіннен тегін болмаса керек. Бұл күнде тұрмыс салт жырлары той томалағымыздың сәніне айналуда.
Фольклордың қай туындысын алсақ та ғибрат айтарлық , жөн жоба мен үлгі өнеге көрсетерік қасиеті мол. Мұның бәрі де халаһық пікірі , келешек ұрпақты тәрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Тіпті тұрмыс салт жырының бір саласы бет ашардың мәніне назар аударайықшы. Қайың жұрттың бар адамын мінездей , сипаттай келіп , жас келінге олардың әрқайсысына қандай сый құрмет көрсетуді айтқанда ибалы тәрбиенің қағидаларымен қатар тіршілікке қажетті іс әрекеттерді түсіндіруі басым жатады. Демек мұның өзі тек дидактикалық сипат алып қана қоймай,ғасырлар бойы тәжірибеде шыңдалған шындықтарды іріктеп , сұрыптап айтуға негізделеді де , эстетикалық мәнге ие болады. Творчестволық саралаудан өткен осындай көзқарастың халықтың сыншылық ой пікірі көрінеді.
Халық ауыз әдебиетінің ең көне түрлерінің бір айтыс жанры. М. Әуезовтың сөзімен айтқанда ,«өлең жарысы , өнер жарысы» ретінде «ақынның сынға түсетін майданына »(Е.Ысмайылов) айналды.