Шығармашылық портрет

Әдеби сындағы шығармашылық портрет жанры жайлы пікірлерде әлі де басы ашылып нақтыланбаған мәселелері баршылық.Қазіргі кездегі жанрлық жіктелуден гөрі ара жіктері бір бірімен жақындасып,жымдасып,араласып,жойылып жатқан процестер шығармашылық портретте байқалады.Шығармашылық портрет пен очерк екеуі бір нәрсе емес.Шығармашылық портреттің міндетті түрде әдеби,ғылыми сипаттары болады. Шығармашылық портретте белгілі бір суреткердің бүкіл шығармашылық болмысы сынның объектісіне айналады.Онда кез келген қаламгер емес,әдетте бүгінгі әдебиетте өзіндік орны бар,дарынымен жұртшылық назарын аударған көрнекті қаламгерлер ғана арнайы сөз болады.Шығармашылық портреттің негізгі объектісі суреткер дегенде оның шығармашылығына ден қойылады.Өмірбаяндық,естелік,толғаныс,құжат сияқты түрлі мағұлмат әдістер кеңінен қолданылуы мүмкін.Шығармашылық портретте негізінен талдаушылық тәсілдің орын алуы оны әдеби портреттің басқа түрлерінен ажырата көрсететін басты белгілерінің бірі.Шығармашылық портрет көбіне қалың оқырманға арналып жазылып,баспасөз бетінде жарияланатындықтан да көркем публицистика түрінде жазылады. Атақты ақынымыз Ә.Тәжібаев жетпіске толғанда Т.Молдағалиев “Жырдария” атты шығармашылық портрет жазды.Мұны ақынның ақын туралы толғанысы деуге болады.Тақырыбының өзегін Әбділданың туып,өскен ортасы Сырдариямен байланыстырып ,”Жырдария” деп алуының өзінен ақындық болмысы мен мұндалап көз тартады.Ақын автор поэзиясына талдаулар жасап жатпайды:өзінің жүрекжарды пікірлерін ортаға салып,соған қатысты өлең шумақтарын келтіріп отырған.Ал,Рахманқұл Бердібаев “Замандас көзіменінде” Ә.Әлімжановтың қаламгерлік келбетін сәтті жасаған.Жұбаңда көтеріңкі,ақындық эмоция басым болса,Рахманқұл нені айтса да байыппен,салмақпен айтады.Жазушының шығармашылығы алғашқы очерк повестерінен бастап,жүйелі зерттелінген.Әсіресе тарихи тақырыптағы сәтті ізденістері ғылыми тұрғыдан біршама талданылған.”Жырдария” көркем публицистикалық сипатта көрінсе,”Замандас көзімен” ғылыми стильде жазылып,әрқайсысы өзінше даралық танытады. Қ.Ергөбектің “Суреткерлік санаттан көргім келедісі” формалық түрі жағынан назар аударарлық.Сыншы кезіндегі “Екі оқушының”,М.Әуезовпен М.Ғабдулиннің ашық хат түріндегі мақалаларын қайта жандандырып,жазушы Жұматай Шаштай ұлының газет арқылы әдеби ашық хат жолдапты.Құлбек Жұмабаймен әдебиет жайлы,оныңшығармашылығы жайлы сырласып,не толғанып отырғандай ойларын қағазға түсірген.Сыншының әдеби толғаныстары түрінде жазушы Шаштайұлының суреткерлік болмысы көрініс тапқан.Сыншы ізденісінің жемісі сол -ашық хат әдебиет жайлы сырласу,толғану,монолог арқылы жазушының шығармашылық портретін өзгеше түрде сәтті берген.