Е.Ысмайыловтың –әдебиет сынының тарихын дәуірлеуі

Замана қыспағын көп көріп,өзінің бар мүмкіндігін жүзеге асыра алмай кеткендердің бірі-Е.Ысмайылов.Шығармашылық жолына көз жіберсек,небір қиын жолдарды бастан өткергендігін байқаймыз.Алғашқы мақаласы” Он жылдығы олжа “атты кітапқа жазған рецензиясы” Еңбекші қазақ” газетінің 1931жылғы 14қаңтарындағы санында жарық көргенде Есмағамбет бар болғаны жиырма жасар,КазПИ- дің екінші курс студенті еді.Әдебиеттің зәулім сарайының есігін сыншы болып қаққан Есмағамбет оның ішіне ақын болып кірді.Сыншылық жолы 30-60 жылдардың әдеби өмірінде сайрап жатыр.Жаңа шығып жатқан әрбір елеулі кітапқа,әдеби мәдени оқиғаға ол елгезек үн қатып,өз пікірін білдіріп отырды.”Қазақ совет поэзиясының кейбір мәселелері”, “Драматургия мәселесі”,”Қазақ поэзиясында отан қорғау тақырыбы”,”М.Әуезовтің” Абай” романы туралы””,Ғ.Мүсіреповтің” Қазақ батыры повесі” туралы еңбектері куә.Әдебиеттегі жолын өлең жазудан бастаған сыншының қаламы поэзия мәселелеріне келгенде жүйрік”.Поэзиямызға шын сұлулық керек”,” Поэзиямызды сөз еткенде” деген сияқты көптеген мақалаларында қазақ поэзиясының көркемдік әлемі туралы құнды пікірлер айта білді.Ол, әсіресе,қазақ кеңес поэзиясының көш басшысы С,Сейфулиннің шығармашылық жолыны көбірек үңілді.”Революционер ақын”\1958\”Ақын –революционер”атты еңбектері Сәкентанудың іргесін берік қалады.Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылықтары жайлы,Сәкен,Бейімбет,Ілияс,Мұхтар,Сәбит,Ғабиттерденбастап,Әбділда,Асқар;Тайыр,Ғали,Жұмағали,Қасымдарға дейін білімдар әдебиетшінің сыншылық сарабынан өтті.Олардың өзіндік қолтаңбаларын,әдебиетімізге әкелген жаңалықтарын ,алар орнын айқындап берді.Сыншының әдеби процеске белсене араласып ,ұлттық әдебиетіміздің ділгір мәселелерін дер кезінде көтеріп ,білгірлік пен парасатты пікірлер білдірген байсалды мақалалары” Сын мен шығарма”,Жаңа белеске,”В поисках нового,”“Әдебиет жайлы ойлар” деп аталатын сын кітаптарында,бірсыпыра ұжымдық зерттеу жинақтарында жарияланды.”Сын- көркем әдебиеттің алды артын,алыс жақынын байқатып отыратын көз құлағы ,шыңдап,өткірлеп отыратын тасболат қайрағы,ауыр -жеңіл салмағын,түзу-қисығын өлшеп түзейтін тез таразысы”-деп білген Есмағамбет сынның әділ де шыншыл,жауынгер де принципшіл ,ең бастысы, әдебиеттің шын жанашыры болуын талап етіп,өзі де осы биіктен көріне білді.