Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-ші орында
Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 12-ші орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қазіргі уақытта мұнай қоры бойынша әлемде 12-орында, ал мұнай өндіру бойынша 17-орында тұр. Ал газ қоры бойынша Қазақстан
әлемде 20-орында тұрса, оны өндіруден 29-орындамыз. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлім етті.
Министрдің мәліметінше, былтыр саланың негізгі көрсеткіштері оның алдындағы жылдың деңгейінен асып түскен. Мәселен, елімізде мұнай өндіруде жаңа рекордтық деңгейге қол жеткізіліп 81,8 млн. тоннаны құрады. Бұл ретте мұнай экспорты алғаш рет 72 млн. тоннадан астам көлемді құрады. «Сонымен қатар, алғаш рет газ өндіруде «меже» 42 млрд. текше метрге жетті. Бұл ретте тауарлық газ өндірісі 22,8 млрд. текше метрді, ал сұйытылған мұнай газ өндірісі 2,5 млн. тоннаны құрады», - деді министр Ұ. Қарабалин.
Оның айтуынша, былтыр елімізде мұнай өңдеу 14,3 млн. тоннаны құраса, газ транзиті 99 млрд. текше метрді құраған.