Кен орындарының (кеніштердің) құрылыс күрделілігі

6. Кен орындарының (кеніштердің) құрылыс күрделілігі

6.1. Құрылыс күрделілігі бойынша кен орындары (кеніштер) мынандайларға бөлінеді:
- қарапайым құрылысты, біртұтастығы бұзылмаған немесе шамалы ғана бұзылған құрылымдармен байланысты, өнім қабаттарының қалыңдығы және жинауыштық қасиеттері үлес пен қима бойынша өзгешелінеді;
- күрделі құрылысты, өнім қабаттарының қалыңдығы мен жинауыштық қасиеттері үлес пен қима бойынша өзгергіш немесе тектоникалық жарылыстармен белгіленеді;
- өте күрделі құрылысты, бұлар да тектоникалық жарылыстармен өзгешеленеді, өнім қабаттарының қалыңдығы мен жинауыштық қасиеттері кеңінен ауытқиды, жинауыштың күрделі түрлері кездеседі.
6.2. Қорлардың көлемі және кен орындарының (кеніштердің) геологиялық құрылысының күрделілігі геологиялық барлау жұмыстарының әдісін, олардың көлемін, барлау мен игерудің экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.

7. Кен орындарының (кеніштердің) игерілу дәрежесі

Игеру дәрежесі бойынша кен орындары (кеніштер) игерудегі, игеруге даярланғандарға, барлаудағыларға және игеруі тоқтатылғандарға бөлінеді, олардың қорлары мемлекеттік балансқа жеке-жеке есепке алынады.
7.1. Игерудегі - жобаланған игеру жүйесі мен мұнай, газ және конденсат өндіріліп жатқан кен орындары (кеніштері).
7.2. Игеруге даярланғандар - зерттелуі мұнай кен орындарын игерудің технологиялық желісін немесе газ кен орындарын тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдалану жобасын жасауды қамтамасыз ететін кен орындары (кеніштері).
7.3. Барлаудағылар - іздестіру-барлау мақсатымен бұрғыланып жатқан, кен орындарын игеруге даярлау мақсатымен жеке барлау ұңғыларында немесе алдын ала бұрғыланған пайдалану ұңғыларында сынамалық немесе тәжірибелі- өндірістік игеру жүргізіліп жатқан кен орындары (кеніштері). Қажет болғанда барланудағы кен орындарында тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстары және дәйекті сейсмика зерттеулер жүргізілуі мүмкін.
7.4. Игеру тоқтатылғандар - барлау немесе игеру жұмыстары уақытша тоқтатылған, не игеруі белгілі уақыт мерзімінде экономикалық тұрғыдан ақталмайтын, кен орындары (кеніштер).

8. Мұнай, газ және конденсат қорларын өндіру
үшін жағдайлар

8.1. Барланған (С 1 ұғымы) және алдын ала есептелген (С2 ұғымы) шығарып алынатын қорлары бар кен орындары жер қойнауын пайдаланушыларға заңдылық негізде өндірістік игеру үшін мынадай:
- мұнай, газ және конденсаттың қорлары және олардың шығарып алу коэффициенттерінің техникалық-экономикалық тұрғыдан негізделуі Мемлекеттік сараптамадан өткен және кен орны (немесе оның бөлігі) Мемлекеттік сараптама тарапынан өндірістік игеруге даяр екендігі тұжырымдалған;
- кен орнын пайдалануда қоршаған ортаға тигізетін әсерінің дәрежесі және жоспарланып отырған табиғат қорғау шараларының нәтижелігі бағаланған жағдайларда беріле алады.
8.2. Игеруге қосылған кен орындарында бұрғылау және пайдалы ұңғыларын зерттеуден алынған деректер бойынша қорлар С 2 ұғымынан С 1 ұғымына онан ары және В және А ұғымдарға ретімен міндетті түрде ауыстырылуға тиіс.