Мұнай, газ және конденсат қорлары мен ресурстарының ұғымдар
Мұнай, газ және конденсат қорлары
мен ресурстарының ұғымдары
4.1. Мұнай, газ, конденсат және ілеспе құрамдастардың қорлары зерттелу дәрежесі бойынша дәлелденгендерге - А, В, С 1 ұғымдары және алдын ала бағаландарға (барланбағандарға) - С 2 ұғымы - болып бөлінеді. Дәлелдегендер игерілудегі (А мен В ұғымдары) және барланған (С 1 ұғымы) қорларға бөлінеді.
Мұнай, газ және конденсат ресурстары олардың негізделу және икемделе орналасу дәрежесіне қарай ықтималдарға - С ұғымы және болжамдықтарға - Д 3 о, Д және Д ұғымдары - ажыратылады. 1 2
4.2. А ұғымы - кеніш құрылысын, жинауыштар мен оларды қанықтыратын флюидтердің параметрлерін, сондай-ақ кеніштің өнімділігін және мұнай, газ және конденсаттың шығарып алу коэффициенттерін негіздеуді көрсететін параметрлерді толық сипаттаумен қатар, жеке жинауыш қабаттар мен өндіру элементтері шегінде қорлары шығарып алуды анықтайтын параметрлер бойынша қорларды жіктеп бағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететіндей мұқиаттықпен зерттелген кен көзін игерудегі кеніштің (оның бөлігінің) қоры.
А ұғымының қорлар кен орнын игерудің бекітілген жобасына сәйкес бұрғыланған кеніш (оның бөлігі) бойынша есептеледі де мұнай, газ және конденсат қорларын шығарып алу ісі мен жүйесін жетілдіріп ұтымды ету үшін негіз болады.
4.3. В ұғымы - кеніш құрылысын, жинауыштар мен оларды қанықтыратын флюидтердің параметрлерін, сондай-ақ кеніштің өнімділігін және мұнай, газ және конденсаттың шығарып алу коэффициенттерін негіздеуді көрсететін параметрлерді сенімді сипаттаумен қатар, қорлардың құрылымын бағалауды мүмкін ететіндей мұқиаттықпен зерттелген кен көзін игерудегі кеніштің (оның бөлігінің) қоры.
В ұғымының қорлар мұнай кен орнын игерудің бекітілген технологиялық мазмұнына немесе, газ кен орнын тәжірибелік игерудің жобасына сәйкес бұрғыланған кеніш (оның бөлігі) бойынша есептеледі және кен орнын игерудің жобасын жасауға негіз болады.
4.4. С 1 ұғымы - газды-мұнайлылығы ұңғылар мұнай, газ және конденсаттың өндірістік өнімі негізінде және сыналмаған ұңғыларда жүргізілген геологиялық және геофизикалық зерттеулердің оңды нәтижелері деректері негізінде бағаланған кеніштің (оның бөлігінің) қоры. Кеніштің түрі, кескіні және аумағы, мұнайлы және газды қабаттардың кеңістікте орналасу жағдайлары ұңғыларды бұрғылау нәтижесінде және осы аумақта тексеруден өткен геологиялық және геофизикалық зерттеу әдістерімен анықталған. Өнімді қабаттардың литологиялық құрамы, жинауыш жыныс түрі, жинауыштық қасиеттері, мұнай мен газға қаныққан қалыңдығы ұңғылардан алынған тасбаған және ұңғыларда жүргізілген геофизикалық зерттеулердің материалдары бойынша зерделенген. Мұнай, газ және конденсаттың жер қабатындағы және қалыпты жағдайдағы құрамы мен қасиеттері ұңғыларды сынамалау деректері бойынша зерделенген. Газды-мұнайлы кеніштер бойынша мұнайлы бөліктің сатулық құндылығы анықталған. Ұңғылардың өнімділігі, қабаттың су өткізгіштігі, қысым өткізгіштігі, қабаттық қысымы, температурасы, ал мұнай, газ және конденсаттың шығуы ұңғыларды сынау және зерттеу нәтижелері бойынша зерделенген. Гидрогеологиялық жағдайлары ұңғыларды бұрғылау нәтижелері және барланған іргелес кен орындарына ұқсастығы анықталған.
С 1 ұғымды қорлар геологиялық барлау жұмыстары және өндіру үшін бұрғылау нәтижесінде есептеледі; олар мұнай кен орнын игерудің технологиялық мазмұнын немесе газ кен орнын игерудің тәжірибелік- өнеркәсіптік жобасын жасау үшін алғашқы деректер алуды қамтамасыз ететіндей дәрежеде зерттелуі тиіс.
Кеніштің зерттелмеген мегін бөлігінің С 1 ұғымды қоры ұңғыларды игерудің технологиялық мазмұнында, не жобасында белгіленген ұңғыаралық қашықтықтан екі есе қашықтықта жүргізілген шекарада бөлінеді.
С 1 ұғымды қорлар бірен-саран ұңғыларды бұрғылау және сынаудан алынған деректер бойынша, оларда мұнай немесе газдың өндірістік құйылысы алынған жағдайда жаңа алаңда айқындалуы мүмкін. С 1 ұғымды қор есептелетін үлестің шекарасы ұқсас кен орындарында қабылданған екі есе радиуспен жүргізіледі.
4.5. С 2 ұғымы - бар екендігі геологиялық және геофизикалық зерттеулердің деректерімен негізделген кеніш (оның бөлігінің) қоры.
Кеніштің кескіні мен аумағы, жер қойнауында орналасу жағдайлары, қабаттардың қалыңдығы мен жинауыштың қасиеттері, мұнай, газ және конденсаттың қасиеттері геологиялық және геофизикалық зерттеулер немесе барланған кен орындарына ұқсастығы бойынша, кеніштің дәйектірек зерделенген бөлігіндегі деректерді ескере отырып, жалпы сипатта анықталған.
С 2 ұғымды қорлар жоғарырақ ұғымды қорлары бар үлестермен ұштасып жатқан барланған кеніш бөліктерінде, барланған кен орындарында өнеркәсіптік-геофизикалық нәтижелі сипаттамасы бар, екі арада, жоғары және төмен жатқан сыналмаған қабаттарда есептеледі.
С 2 ұғымды қорлар кен орнының болашағын анықтау, геологиялық барлау жұмыстарын немесе ұңғыларды жоғарғы қабаттарға ауыстырғанда өнеркәсіптік- геологиялық зерттеуді жоспарлау және ішінара кен орындарын игеруді жобалау үшін пайдаланылады.
4.6. С 3 ұғымы - іздеу мақсатымен бұрғылауға даярланған жер үлестерінің болашақ ресурстары.
Кеніштің кескіні, үлесі және жер қойнауында орналасу жағдайлары геологиялық және геофизикалық зерттеу нәтижесінде жорамалданады, ал қабаттардың қалыңдығы, жинауыштық қасиеттері, мұнай немесе газдың қасиеттері барланған кен орындарымен ұқсастығымен қабылданады.
С 3 ұғымды ресурстар мұнайлы-газды үлестер шегінде орналасқан және осы үлесте тексерілген геологиялық және геофизикалық зерттеулер әдістерімен шеттеліп терең бұрғылауға даярланған үлестерде, сондай-ақ барланған кен орындарындағы бұрғыланып ашылмаған, ал өнімділігі осы үлестердегі басқа кен орындарында анықталған қабатталған қабаттарда есептеледі.
Болашақ ресурстар іздестіру жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады.
4.7. Д ұғымы - айқындалған ықшамды объектілердің (оқшауланған) болжам ресурстары. Жорамалданған кеніштердің кескіні, үлестері және жер қойнауында орналасу жағдайлары геофизикалық (геологиялық) зерттеулер нәтижесінде жалпы сипатта анықталған, ал қабаттардың жинауыштың қасиеттері, мұнай газ және конденсаттың қасиеттері барланған кен орындарымен ұқсастығымен қабылданады.
Д ұғымды ресурстар Д ұғымды ресурстары бар үлес шегінде айқындалған
о1 ықшам объектілерде есептеледі және құрылымды іздестіру үшін, бұрғылауға дайындау мақсатымен геофизикалық іздестіру жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады.
4.8. Д 1 ұғымы - өнеркәсіптік мұнайлы-газдылығы дәлелденген ірі үлестік құрылымдар шегінде бағаланатын литологиялық-стратиграфиялық комплекстердің болжам ресурстары.
Д 1 ұғымына жататын болжам ресурстардың мөлшерін бағалау үлестік геологиялық, геофизикалық зерттеулер нәтижесінде қабылданған параметрлер бойынша және бағаланып отырған үлес шегінде барланған кен орындармен ұқсастығымен жүргізіледі.
4.9. Д 2 ұғымы - өнеркәсіптік мұнайлы-газдылығы әлі дәлелденбеген кең үлестік құрылымдар шегінде бағаланатын литологиялық-стратиграфиялық комплекстердің болжам ресурстары. Бұл комплекстердің мұнай-газдылығы тұрғысынан болашағы геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулер деректері негізінде жорамалданады.
Д 2 ұғымды болжамдық ресурстардың мөлшерін бағалау жалпы геологиялық көзқарастар негізінде жорамалданған параметрлерімен және мұнай кен газдың барланған кен орындары бар дәйектірек зерттелген үлестермен ұқсастығымен жүргізіледі