Мұнай, газ және конденсат қорлары
3. Мұнай, газ және конденсат қорлары
мен ресурстарының топтары
3.1. Мұнай, газ және конденсаттың жер қойнауындағы қорлары мен ресурстары геологиялық қорлар деп аталады.
3.2. Айқындалған кен орындарының геологиялық қорларында, болашақтық және болжамдық объектілердің ресурстары екі топқа: тиімділер (шығарып алынатын) және тиімді еместерге бөлінеді.
3.2.1. Тиімділер (шығарып алынатын) - жер қойнауы мен табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, осы күнгі мақұлданған технология мен техниканы пайдаланғанда шығарып алуы экономикалық тұрғыдан қорлар мен ресурстар. Геологиялық қорлар мен ресурстардың бұл бөлігі мұнай, газ және конденсатты шығарып алу коэффициенттерімен анықталады.
3.2.2. Тиімді еместер - шығарып алынуы қазіргі экономикалық тұрғыдан ақталмайтын қорлар мен ресурстар.
3.2.3. Шығарып алынатын қорлар мен ресурстардың қосындысы бағаланған кездегі шығарып алынатын көмірсутектердің қосындысының көлемін құрайды. Ол өндірілген көмірсутектермен бірге шығарып алынатын көмірсутектерінің бастапқы көлемін құрайды.