Мұнайды сақтау ережелері

Мұнай және табиғи көмірсутекті газ<*> кен орындары қорларының мен болашақ және болжамдық ресурстарының СЫНЫПТАМАСЫ Ескерту. Мұнай былай "газ" аталады.

ұл сыныптама мұнай табиғи көмірсутекті газ (бос газ, мұнайүсті газы мен мұнайда еріген газдар) және конденсат қорлары мен ресурстарын зерделеудің (зерттеудің), олардың зерделену (зерттелу) дәрежесіне, игерілуіне және Республика экономикасы үшін маңызына қарай жер қойнауында мемлекеттік есепке алудың Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай қағидаларын орнатады.
Сыныптама қолданылып жүрген заңдылық негізінде Қазақстан Республикасы аумағында мұнай операцияларын жүргізетін, меншігінің тегіне (түріне), идаралық (ведомоствалық) қатыстығына және бағыныштылығына қарамай, барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін міндетті құжат болып табылады.

1. Жалпы ұғымдар

1.1. Мұнай - жер қабатында және стандарттық жағдайда (0,1 мпа, 20 С ) сұйық күйінде болатын, көбіне метан, нафтен және қош иісті (ароматтық) топтардың көмірсутекті қосылыстар күкіртті, азотты, оттектік, металды- органикалық комплекстер, смолалар (шайырлар) және асфальтендер түрінде болады. Мұнайдың тұрақты құрамдасы әр түрлі қосылыс ретінде де таза күйінде де тараған күкірт болып табылады. Жер қабаты жағдайында мұнайдың көбінде әр түрлі мөлшерде еріген газ болады.
Құрамы мен физикалық қасиеттерінің өзгешеліктері бойынша мұнай бір қатар түрлерге бөлінеді. Оның түрлері көмірсутекті топтық құрамы, фракциялық құрамы, күкірт және басқа да көмірсутекті емес құрамдастар, асфальтендер және смолалардың мөлшері бойынша ажыратылады.
Көмірсутекті топтық құрам метандық, нафтендік және иісті көмірсутектердің негізгі үш тобының мөлшерін (масса бойынша процентпен) көрсетеді. Мұнайда еріген қатты көмірсутектер - парафиндер елеулі маңыз алады. Құрамындағы парафиндердің мөлшеріне қарай мұнай аз парафинді (1,5%-ке дейін), парафинді (1,5 - 6,0%) және жоғары парафинді (6,0%-тен астам) болып бөлінеді.
Топтық құрамын қыздырғанда 350 С-қа дейін қайнайтын мұнай топтарын және 350 С-тан жоғары қайнайтын май топтарын (дистилляттардың) салыстырмалы мөлшерін (салмақ бойынша процентпен) көрсетіледі.
Күкірт мөлшеріне қарай мұнай аз күкіртті (0,5%-ке дейін), күкіртті (0,51-2,0%) және жоғары күкіртті (2%-тен астам) болып бөлінеді. Мұнай құрамындағы күкірт 0,5%-тен асса, ол өнеркәсіптік маңызға ие болады.
Шайыр мөлшері бойынша мұнай аз шайырлы (5%-ке дейін), шайырлы (5-15%) және жоғары шайырлы (15%-тен астам) болып бөлінеді. Кейбір жоғары шайырлы мұнайдағы сирек темірлердің (ванадий, титан, никель, т.б.) мөлшері өнеркәсіптік шамаға жетуі мүмкін.
Мұнайдың жер қабаты жағдайында қасиеттері еріген газ, жоғары температура мен қысым әсерінен, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттерінен едәуір өзгеше болады, сондықтан мұнайдың қорын есептеу, кен орнын ұтымды пайдалану, алдын ала даярлау, мұнайды тасымалдау және өңдеу мақсаттарында бұл қасиеттер жеке-жеке анықталады. Қалыпты жағдайда мұнайдың негізгі параметрлері (сапа көрсеткіштері) тығыздығы, молекулалық салмағы, тұтқырлығы, қайнау және қататын температурасы, ал жер қабаты жағдайында - еріген газбен қанығу қысымы, газ мөлшері, көлемдік коэффициенті, сығылу коэффициенті, жылулық кеңу коэффициенті, тығыздығы және тұтқырлығы болып табылады.
1.2. Газ - жер қабаты жағдайында газ кейіптес күйінде немесе мұнайда не суда еріген күйінде, ал қалыпты жағдайда тек қана газ кейіптес күйінде болатын көмірсутекті және көмірсутекті емес қосылыстар мен элементтердің табиғи қоспасы. Қалыпты жағдайда газдың негізгі құрамдастары метан және оның гомологтары - этан, пропан, бутандар болып табылады. Газ құрамында күкіртті сутегі, гелий, көмірқышқыл газы, азот, бейтарап газдар, кейде сынап болады. Этан, пропан, бутандар сұйытылған газ және химия өнеркәсібі өнімін өндіру үшін шикізат болып табылады.
Газдың негізгі қасиеттері молекулалық салмағы, қалыпты жағдайдағы тығыздығы, ауамен салыстырмалы тығыздығы, аумалы температура мен қысымы, сығылу коэффициенті, көлемдік коэффициенті, тұтқырлығы, гидрат түзгіштігі, жану жылылығы болып табылады.
1.3. Конденсат-белгілі температура-қысымдық жағдайда газда еріген күйінде болатын және қысымы конденсациялану қысымынан төмендегенде сұйық фазаға айналатын, негізінен жеңіл көмірсутегінен тұратын табиғи қоспа. Конденсат кіретін газдың құрамына негізгі сипаттамалары С 5 + ең жоғарғы көмірсутектердің әлеуметтік мөлшері, конденсаттың қалыпты жағдайдағы тығыздығы және конденсация басталатын қысым болып табылады.
Конденсат шикі және тұрақты заттарға бөлінеді. Шикі конденсат - берілген қысым мен температурада тікелей өндірістік айырғыш қондырғылардан алынатын сұйықтық. Ол құрамында әр мөлшерде еріген газ көмірсутектері бар қалыпты жағдайда (0,1 Мпа, 20 С) сұйық көмірсутектері.
Тұрақты конденсат дегеніміз құрамында 3-4%-тен аспайтын еріген пропан-бутан фракциясы бар С + 5 көмірсутектерінен тұратын көмірсутекті конденсат.
Тұрақты конденсат шикі конденсатты газсыздандыру арқылы алынады.
Тұрақты конденсаттың потенциялық мөлшері С 5 көмірсутектердің 1 см көлемдегі не 1 грамм салмақтағы 1 м 3 құрғақ, демек, С 5 көмірсутектерінен ажыратылған, газға қатынасымен анықталады.
Мұнай, газ және конденсаттың құрамы - оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Ол шикізатты кешенді пайдалануды қамтамасыз ететін, өндіру технологиясын, тасымалдау және өңдеу тәсілдерін ескеретін мемлекеттік және салалық қалыптар (стандарттар) талаптарымен және техникалық шарттармен қадағаланады. Мұнай мен газдағы құрамдастардың өндірістік құндылығы іске жарату мөлшері және оларды өндіру мен пайдалану тиімділігін техникалық-экономикалық тұрғыдан есептік талдау негізінде анықталады.
1.4. Ілеспе құрамдастар - кен орындарының мұнай, газ, конденсат және жерасты сулары құрамындағы әр текті темірлік және басқа қосылыстар мен элементтер.
1.5. Кеніш - нашар өткізгіш жыныс қабаты астында жинауыш - жыныс түзген жаратылыс кеңістігіндегі мұнай немесе газдың табиғи жиынтығы. Кеніш бір гидродинамикалық жүйе түзетін бір немесе бірнеше жинауыш қабатқа жинақталуы мүмкін.
Мұнай мен газ кеуектік, қуыстық, жарықшалық және аралас жинауыштарға жиналады.
1.6. Кен орны - біртұтас геологиялық құрылымға біткен және біртұтас алаңда орналасқан мұнай мен газдың кеніші не кеніштер жиынтығы.
Мұнай мен газдың кеніштері негізгі көмірсутекті қосылыстардың жер қойнауындағы фазалық күйіне және құрамына қарай мұндайларға:
- мұнайлы, тек қана мұнайдан тұратындар, әр деңгейде газбен қаныққан;
- мұнайлы-газды немесе газды-мұнайлы (екі фазалы), көлемінің бір бөлігі мұнайдан, екіншісі - газдан тұратын кеніштер;
- газды, тек қана газдан тұратындар;
- газды-конденсатты, газында конденсат болатындар;
- мұнайлы-газды-конденсатты, мұнайдан, газдан және конденсаттан құралғандар болып бөлінеді.
1.7. Қорлар - айқындалған, барланған және кені игеріліп жатқан кеніштердегі стандарт жағдайға (0,1 Мпа, 200 С) келтірілген мұнай, конденсат және ілеспе құрамдастардың салмағы және газдың көлемі.
1.8. Ресурстар - белгілі кен орындарында немесе бағалау кезінде бұрғылау арқылы ашылмаған жорамал кеніштердегі, немесе бұрғылауға даярланған алаңдардағы, сондай-ақ ірі геологиялық құрылымдар шегінде мұнай- газдылығы дәлелденген не жорамалданған литологиялық-стратегиялық кешендердегі мұнай, газ бен конденсат іліспе құрамдастардың және газдың көлемі.
1.9. Мұнай, газ және конденсаттың шығарып алу коэффициенттері - берілген нақтылы жағдайларда құпталған алдыңғы қатарлы өндіру технологиясы мен техникасын қолданып, сондай-ақ айналадағы табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, кеніштерді экономикалық тұрғыдан тиімді шегіне дейін қолайлы режимде пайдаланғанда қорлар ресурстардың қандай бөлігін жер астынан шығарып алуға болатындығын көрсететін шамалар.

2. Жалпы ережелер

2.1. Сыныптама мұнай, газ және конденсаттың қорлары мен ресурстарын олардың топтарын, ұғымдарын, мөлшерін, көлемін және кен орыны құрылысының күрделілігін және игерілу дәрежесін ажырауын көздейді.
2.2. Мұнай, газ, конденсат және ілеспе құрамдастардың қорлары мен ресурстары геологиялық барлау жұмыстары мен кен орындарын пайдалану нәтижелері бойынша есептеледі (бағаланады) де Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар балансында есепке алынады. Кен орындарының қорлары мен мұнай, газ және конденсат ресурстары туралы деректер экономика салаларының даму және орналасу мазмұны әзірлеуде, мұнай өндіруді жобалауда, көмірсутекті шикізатты тасымалдау және өңдеуде, геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлауда пайдаланылады.
2.3. Кен орындарының қорларын анықтағанда мұнай, газ, конденсат және олардың құрамындағы, бөліп алуға тұратындығы (бөліп алу ақталатындығы) технологиялық және техникалық-экономикалық есептермен негізделген, құрамдастардың (этан, пропан, бутан, күкірт, гелий металдар) қорлары міндетті түрде есептелуге және есепке (санаққа) алынуға тиіс. Мұнай, газ, конденсат және олардың құрамындағы, құрамдастардың қорларын есептеу мен санаққа алу жеке-жеке әр кеніш пен кен орны бойынша, кен орнын игеру барысында болатыны ысырап есептелмей, жер қойнауындағы жалпы көлемі бойынша жүргізіледі.
2.4. Мұнай, газ, конденсат және іліспе құрамдастарының қорлары мен ресурстары Мемлекеттік сараптамадан өтуге тиіс. Мұнай, газ және конденсат қорлары мен ресурстарының көлемі мен сапасын, экономикалық құндылығын, оларды өндірудің кен-техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын дұрыс бағалау үшін Мемлекеттік сараптаманы аумақты геологиялық тұрғыдан зерттеу мен кен орындарын игерудің кез келген сатысында жүргізуге болады.
Қорлары 30 млн. тоннадан астам мұнай, 30 млрд. м 3 - ден астам газ кен орындарында қосымша жүргізілген геологиялық қор және (немесе) шығарып алынатын тиімді қорлардың А, В, С 1 ұғымдары бойынша 20%-тен астам шамаға өзгерсе қорлар қайта есептеледі де Мемлекеттік сараптамадан өтеді. Өнім бергіш қимада қорлардың орналасуы туралы, қорларды өндіріп алуға және жүзеге асырылып отырған кен орнын игеру жүйесіне әсер ететін көзқарас түбегейлі өзгергенде де қорлар қайта есептеліп Мемлекеттік сараптамадан өтеді.