Мұнай ұғымы

Мұнай ұғымы
Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; маңызды пайдалы қазынды. Мұнай 1.2-2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65-1.05 грамм/см3 аралығында. Мұнай жеңіл (тығыздығы 0.83г/см3-ке дейін), орташа(0,831-0,860 г/см3), ауыр (0,860г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28С градустан жоғары температурада қайнайды, қату температурасы 26-дан-60'С-қа дейін, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7-2,1 кДж/(кг*К), меншікті жану жылуы 43,7-46,2 МДж/кг, диэл.өтімділігі2-2,5; Электр өткізгіштігі 2*10*10(дәрежесі)-0,3*10*-18(дәрежесі) Ом-1*см-1(дәрежесі), тұтану температурасы 35-120*С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Мұнай-көмірсутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізгі қоспалары (4-5%):нафтен қышқылдары, асфальтты-шайырлы заттар, меркаптандар, моно-және дисульфидтер, тиофендер және тиофандар, күкіртсутек, пиридин және пиперидин гомоглогтар, т.б. Элементтік құрамы: С 82,5-87%; H 11.5-14.5%; O 0.05-0.35%; S 0.001-5.5%; N 0.02-1.5%. Өнеркәсіптік зерттеулерде негізінен мұнайдың тығыздылығын, оның фракциялы құрамын, тұтқырлығын, құрамындағы күкірт, шайыр асфальтен, парафиндердің мөлшерін және олардың балқу температураларын анықтайды. Құрамындағы күкіртке байланысты аз күкіртті , күкіртті, жоғары күкіртті болып үш топқа бөлінеді. Әдетте мұнай құрамындағы азот пен оттек 10%-дан аспайды, тек кейбір жағдайларда 1,8 және 1,2%-ға азаяды. Мұнайдың негізгі пайда болу көзі – құрамындағы сутектің мөлшері жоғары болатын планктон, сапропельді органикалық зат және өсімдік қалдықтарынан түзілетін гумосты зат. Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (V, Ni, Ca, Mg, Fe, Al, Si, Na, т.б) бар. Мұнай түзуші жыныстар – саз балшықтар, олар мезокатагенез белдемесіне жеткенде мұнай түзілетін басты фактор – органикалық заттар 50*С-тан жоғары температурада ұзақ уақыт қызады. Бұл белдемнің жоғ арғы шекарасы 1,3-1,7-ден 2,7-3 км-ге дейін тереңдікте жатады. Төмен шекарасы -3,5-5 км. Мезокатагенез белдемінде көп мөлшерде мұнай көмірсутектері түзіледі, олар бензин және керосин фракцияларын беріп, микромұнайдың қозғалғыштығын жоғарылатады.[6]