АҚШ-та серфингшілер сайысы өтті
АҚШ-тың Гавайи аралында серфинг бойынша жарыс өтті. Қазір мұнда алапат дауыл соғып, асау толқындар ойнап тұр. Бірақ бұл экстремалды спорт түрімен айналысатындар үшін кедергі емес, керісінше, нағыз ойын өрнегін көрсетуге таптырмас мүмкіндік. Жергілікті жұрт жарыс өтетін жағалауды су астындағы жартастары мен қауіпті ағыстарына қарап «Жақ сүйек» деп атайды. Аталған сайыс халықаралық деңгейде ұйымдастырылады. Алайда бұл жолғы бас жүлде мен басқа орындарды америкалық серфингшілер иеленді. Тағы бір айта кетерлігі, асау толқындар қанша жерден қатерлі болса да, қатысушылардың ешбірі жарақат алмаған.