Сертификаттаудың түрлері. Ерікті сертификаттау

Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Сертификаттау– дайындаушы, өндіруші (сатушы, атқарушы) мен тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелсіз органның өнімнің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша растауы.
Сертификаттау екі түрге бөлінеді: міндетті жәгн ерікті.
Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі.Ерікті сертификаттаудың мақсаты – сынау нәтижелері бойынша функционалды көрсеткіштердің белгілі талаптарға сәйкестігін анықтау.
Ерікті сертификаттау өтінушы мен сертификаттау органының арасындағы келісімге байланысты жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
34-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді
1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi.
Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды.
2. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөнiндегi орган шарт негiзiнде жүргiзедi.
Өнімді өндірушілерге тәуелсіз, өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген талаптарға жауап беретін сынақ зертханалары (орталықтары) бар барлық меншік нысандағы заңды тұлғалар ерікті сертификаттау жөніндегі органдар бола алады.Бұл орагндар сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Ерікті сертификаттау жөніндегі орган:
• өнімді сертификаттайды, сертификат береді, өтінушімен жасалған келісім негізінде оға сәйкестік белгісін қолдануға құқық береді;
• берілген сертификатты қолдануды тоқтатады немесе оның күшін жояды.
• Ерікті сертификаттау жүйесін құрған заңды тұлға осы сертификаттау жүйесінде жұмысты жүргізу ережесін, ақы төлеу тәртібін бекітеді және жұмысқа қатысушыларды белгілейді.