Сәйкестікті міндетті растау

Сәйкестiктi растау – нәтижесi объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда емес шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiктуралы декларация немесесәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсiм.Сәйкестікті міндетті растау-өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жұзеге асырылатын рәсім. Сәйкестікті міндетті растау:
-Сәйкестігі міндетті расталуға жатаын өнім техникалық регламенттерде айқындалады.
-Дайындаушы кәсіпорынның сәйкестік туралы декларация қабылдауы
-Міндетті сертификаттау жүргізу нысанында жүзеге асырылады.
ҚР-сының «Техникалық реттеу туралы» Заңы сәйкестікті міндетті
растаудың екі түрін қарастырады: декларациялау және міндетті сертификаттау. Нақтылы өнім түрінің сәйкестігін міндетті растау түрі мен сызбасы техникалық регламентте толық белгіленеді, ал ондағы сызбалар құрамы өнімнің ерекшелігін ескере отырып істі атқару мерзімін қысқартуды және өтініш берушінің шығынын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.Сәйкестікті растау сызбасында сәйкестікті белгілеу тәсілдері болады ж-е сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен өнімді дайындаушылар оларды міндетті сертификаттау жүргізген не-е сәйкестік туралы декларация қабылдаған кезде қолданады. Сәйкестікті растау сызбасы- объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін сипаттай отырып айқындау тәсілдері. Сәйкестікті міндетті растау сызбасын таңдау мына критерилерге сүйене отырып жүргізіледі.
1.келтірілетін зиянның қауіп-қатер денгейіне;
2.өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістік факторлардың әсеріне сезімталдығына;
3.өнімнің күрделілік денгейіне.
Сәйкестікті міндетті растаудың түрімен сызбасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың моделдік принципін, қолдануға заңды көрсетілген нормаларға сәйкестендірілген жағдайларды туғызуы керек.