Сертификаттау турлері .Міндеттті сертификаттау

Сертификаттау–сәйкестікті растау бойынша орган өнімнің, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет.Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді. Ерікті сертификаттау өтініш берушілердің сұранысы бой-ша іске асырылады. Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Міндетті сертификаттау өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау құралы болады.Міндетті сертификаттау- сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны.Міндетті сертификаттау-адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік қүжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.Еріктісертификаттау өнімнің бәсекелестігінің артуына жағдай жасайды.міндетті түрде сертификаттауға жүргізілетін өнімдер мен қызметтер тізімі мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бой-ша мемлекеттік стандартпен тағайындалып ҚР Үкіметімен бекітіліеді.міндетті түрде сертификациядан өткен өнім сұраныс бой-ша міндетіне қосымша ретінде ерікті сертификаттау шегінде тексерілуі мүмкін. Мысалға тіс пастасын сертификаттауда қосымша олардың әсерінің тиімділігін тексеру. Қазақстанда қазіргі кезде міндетті түрде сертификаттау, ал шетелдерде- ерікті сертификаттау көп тараған. Қазақстанда ерікті сертификаттауды тек экспортерлер қолдайды. Нарықта бәсекелестік қатайған сайын, ерікті сертификаттаудың керектігі артады.